jasqazaq.kz

Шымкент: Медициналық оңалту орталығы 1000-нан астам адамға қызмет көрсетті

07 қазан 2024, 11:04

Шымкент қаласы №2 медициналық оңалту орталығында сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту емдері нәтижесін беруде. Церебралды сал ауруы мен тірек-қимыл жүйесі зақымдалған балалар алғашқы қадамдарын жасап, өздері жүріп – тұра алады. Бұл — дәрігерлер мен ата-аналардың бірлесе жасаған үздіксіз ем және шыдамдылықтарының нәтижесі, деп мәлімдеді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аталмыш орталықта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен жыл басынан бері 1000-нан астам оңалту қызметі көрсетілген.
Дильноза Хамидова бауыр еті баласының туа бітті кеселін жеңуге бел буған ана. Алғашқы оңалту емін дәл осы орталықта 1 жас 2 айында қабылдаған. Айтуынша, қызы еңбектеу, басын көтеріп, алғашқы қадамын да №2 медициналық оңалту орталығы дәрігерлерінің көмегімен жасаған. Қазір перзенті 10 жаста. Әлеуметтік ортаға бейімделіп, өзі жүретін жағдайға жеткен.
Мұнда неврологиялық ақауы бар және кардиохирургиялық, ортопедиялық отадан кейінгі 18 жасқа дейінгі балалар оңалту ем-шараларын қабылдайды. Медициналық оңалту орталығы ерекше балаларға қажетті заманауи қондырғылармен жабдықталған. Балаларға физиотерапиялық гидроәдіс, массаж және логопед, дефектолог, эрготерапевт, психолог, невролог, ортопед, кардиолог, физиотерапевт, реабилитолог мамандарының қызметтері көрсетіледі. Логопед пен психолог кабинеттері, сенсор бөлмелері, израильдік технологиямен жасалған мультимедиялық білім беру жүйелері қайтадан жаңартылып, заманға сай жабдықталған.
Сондай-ақ 3 жасқа дейінгі неврологиялық ауытқуы бар балаларға арналған ерте араласу бөлімшесі бар.
Шымкентте бүгінгі таңда жалпы 72 медициналық ұйым науқастарға медициналық оңалту шараларын көрсетуде. Емдеу мекемелері кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық және жалпы оңалту шаралары мен травматологиялық, пульманологиялық бағыттар бойынша ем-дом жасайды.
ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының мәліметінше, жыл басынан бері дәрігерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 8000-ға жуық оңалту шараларын көрсеткен. Оның ішінде 3000-нан астам қызметімен балалар қамтылған.
Жалпы елімізде ерекше балалардан бөлек, ата-аналары мен оқушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, қолдау жұмыстары да назарға алынып келеді. Мұндай қолдаулар арқылы ерекше балалар қоғамнан тысқары қалмай, қатарынан кем болмай өсетініне мүмкіндік мол.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы

Бүгін, 14:31
Реальный результат языковой политики в Созакском районе
Бүгін, 14:15
Туркестан: В Ордабасы запускаются новые инвестиционные проекты
Бүгін, 13:51
Туркестан: Вклад урановой компании в социально-экономическое развитие региона
25 сәуiр, 16:19
Туркестанская область укрепляет стратегическое сотрудничество с иностранными инвесторами
25 сәуiр, 16:05
Налажено сотрудничество по вопросам развития международного аэропорта в Туркестане
25 сәуiр, 15:58
Туркестан: На повестке дня - развитие сферы образования
25 сәуiр, 15:30
Поколение, которое читает книги: в Туркестане интерес к чтению растет
23 сәуiр, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
23 сәуiр, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов