jasqazaq.kz

Шымкент: Медициналық көмек – ардагерге құрмет

30 шiлде 2025, 23:19

Ел игілігі үшін қызмет етіп, ерен еңбегімен көзге түске түскен жандарға біздің елімізде айрықша құрмет көрсетіледі. Оларға тек мереке кезінде ғана емес, жыл он екі ай жәрдемдесу игі дәстүрге айналған. Әсіресе, өзара құрмет көрсету салтын бұлжытпай ұстанатын үшінші мегаполис – Шымшаһарда бұл бағытта түрлі жұмыстар жүргізіледі.

Мәселен, жаз кезінде Шымкент қаласы №2 қалалық ауруханасының мамандары тыл ардагерлерін жоспарлы медициналық тексеруден өткізу жұмыстарын жалғастыруда. Аталған іс-шара Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып, оның аясында медициналық қызметкерлер тыл еңбеккерлерінің үйлеріне арнайы барып, скринингтік тексерулер жүргізді.

Атап айтқанда, медицина қызметкерлері тыл ардагері Қалакүл Алшабаеваның үйіне барып, оның денсаулығын тексерді. Тоқсан жасқа келген ардагердің жағдайы жақсы. Еңбек жолын «Қазақтелеком» және «Қазпошта» мекемелерінде өткізген Қалакүл Алшабаева 24 жылға жуық еңбек еткен. Қазіргі таңда ол 12 немере мен 16 шөберенің аяулы әжесі.

Тексеру барысында терапевт, невропатолог, эндокринолог, оториноларинголог және ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) маманы ардагердің жалпы денсаулық жағдайын қарап, тиісті кеңес берді. Қан қысымы, буын және жүрек-қан тамырларына қатысты аурулары бойынша ардагер диспансерлік бақылауға алынған. Кардиолог маманның тұрақты қадағалауында, қажетті дәрілік заттар мемлекет есебінен тегін беріледі. Егер ардагер дәрігер қабылдауына өздігінен келе алмаса, дәрілерді баласы немесе аймақтық мейіргер үйіне жеткізеді.

Сол күні медицина мамандары тағы төрт тыл ардагерінің үйіне барып, скринингтік тексерулер жүргізді. Дәрігерлердің мәліметінше, аталған ардагерлердің барлығы тоқсан жастан асқан. Ең үлкені — 97 жаста. Жастарына байланысты шағымдары болғанымен, жалпы жағдайлары тұрақты.

Дәрігер Абай Қасымбек: «Ардагерлер тұрақты түрде біздің бақылауымызда. Ай сайын учаскелік дәрігерлер олардың үйлеріне барып, қан қысымын өлшеп, қажетті тексерулер жүргізеді. Қажет болған жағдайда қосымша зерттеулерге жолдама беріледі. Бұл – біздің кәсіби міндетіміз ғана емес, азаматтық борышымыз», — дейді.

Ардагерлерге көрсетіліп жатқан бұл медициналық қызмет – мемлекет тарапынан көрсетілетін қамқорлық пен құрметтің көрінісі. Олардың денсаулығын қадағалау және дер кезінде қолдау көрсету – ортақ жауапкершілік. Алдағы уақытта та ардагерлер қамқорлықсыз қалмайды.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Бүгін, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
Бүгін, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания