jasqazaq.kz

Шымкент: Медиаторлар құқықтық кеңес берді

02 тамыз 2024, 11:00

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медиация жүйесін дамыту мен қоғамдағы рөлін арттырудың маңыздылығын, медиация қызметі үшін уәкілетті органдардың жанынан жұмыс тобын құру мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дамытуға және әзірлеуге серпін беретінін атап өткен еді. Бүгінде елімізде медиация қызметі қарқынды дамып келеді. Оған дәлел жақында Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің ұйымдастыруымен 5 тамыз – Медиация күні қарсаңында Ашық есік күні өтті. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, кәсіби медиаторлар тұрғындарға дау-дамайды медиация көмегімен реттеудің тиімді тұстарын түсіндіріп, құқықтық кеңестер берді.

Шымкент қаласы ҚХА жанындағы медиация кеңесінің төрағасы, «Еуразиялық медиация орталығының» жетекшісі Лаура Ақшегірованың айтуынша, медиаторлар жүгінген азаматтарға кеңес берумен қатар, олар көтерген даулы жағдайлар бойынша тараптарды медиативтік келісімге келтірудің негізгі бағыт-бағдарын түсіндіріп, медиация әлеуетінің пайдалы жақтарын жұртшылыққа дәріптеп, жеткізуде.

– Бүгінде қалада әрекет ететін 4 медиация орталығының кәсіби мамандары қалалық ҚХА жанындағы медиация кеңесінің құрамына енген. Кеңес сапындағы медиаторлар этномедиация ұғымын ілгерілету және оның әлеуетін ұтымды қолдану бағытында жұмыс істеуде. Әсіресе, этнос өкілдері жинақы қоныстанған шағынаудандар мен тұрғын алаптардағы ақпараттық жұмыстарға жұмылып, этномедиацияның маңыздылығын тұрғындарға түсіндіруде, деді – Лаура Мұратқызы.

Медиация кеңесіндегі медиаторлар биыл Қатынкөпір, Текесу шағынаудандары мен Сайрам тұрғын алабында қоғамдық қабылдаулар өткізіп, аудандарда этномедиацияны дәріптеу мақсатында кездесулер ұйымдастырған. Cондай-ақ, түрлі деңгейдегі даулы оқиғаларды реттеуге атсалысып, тараптарды медиациялық келісіммен татуластырған.

Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады. Азаматтар, сондай-ақ заңды тұлғалар медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым ірі істердің шешілу сапасын арттыруға болады. Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 30-40 % медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 %-нда оң нәтижелерге қол жеткізілген. Қазақстанда «Медиация туралы» Заң 2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде