jasqazaq.kz

Шымкент: Мәжіліс депутаты жаңа әуежайды аралап, жастармен кездесті

19 шiлде 2024, 12:26


Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында жаңа әуежай терминалының жағдайымен танысты.
Жеке инвестиция есебінен салынып жатқан жаңа әуежай терминалының құрылысы аяқталуға жақын. Жеке инвесторлар бір айдың ішінде техникалық жұмыстарды бастауды жоспарлап отыр.
Депутат ала үшін аса маңызды болып табылатын жобаның іске қосылуы басқа салаларға да серпін беретінін айтады. Аралау барысында жеке инвесторлардың ұсыныстарын тыңдады.
Ақпарат құралдарына берген сұхбатында Руслан Берденов: «Расында да, терминалдың әлеуеті өте зор. Өзіндік дизайны бар. Сағатына екі мың адамды қабылдауға қауқарлы. Бұл нысанды қала тұрғындары көптен күтті. Осы инфрақұрылым арқылы басқа да салалар дамиды деп сенеміз. Себебі, осындай әлеуетті инфрақұрылымдық нысандар басқа салаларға да серпін береді. Қазіргі уақытта коммуникация, жер мәселесі бар екен. Бұл — қорғаныс министрлігі мен қала әкімдігінің бірлесе шешетін жұмысы. Екі жақтан да жұмыс жүргізіліп жатыр. Ал қаржы жағынан ешқандай мәселе жоқ», — деді.
Жаңа нысанның ашылу рәсімі күз айына жоспарланып отыр.


Бұдан кейін Руслан Берденов М.Әуезов атындағы ОҚУ-да қаланың белсенді жастарымен, кәсіпкерлермен кездесті. Еркін форматта өткен басқосуда жастарды толғандыратын өзекті мәселелері талқыға түсті.
Мәжіліс депутаты қазіргі жастардың белсенді болу керек екенін, әрдайым өз ұстанымдарын білдіріп, жаңашылдыққа ұмтылуы қажет екенін айтты. Депутаттың айтуынша, белсенділік деген жауапкершілікті мойынға алу деген сөз.
Іс-шарада жастар тарапынан жатақханалардың аздығы, мотивация алу, сондай-ақ ойынқұмарлықтан арылудың жолдары және тағы басқа сауалдар қойылды.
Руслан Берденов: «Жастармен жиі кездесіп жүрмін. Қазір қоғамда жастарды толғандыратын мәселе көп. Маған «кәсібімді қалай бастаймын, қалай мотивация аламын» деген сауалдар жиі қойылады. Әр адамның өмірі өз қолында екенін айтқым келеді. Мотивацияны да адам өзінен алу керек. Бүгінде жастар, кәсіпкерлерді салық мәселесі алаңдатады. Бөлшек және қосымша құн салығы. Шымкент қаласы — шағын кәсіпкерлік дамыған өңірлердің бірі. Жалпы елімізде шағын кәсіпкерлер саны 2 миллионнан асады. Осыларға жағдай жасауымыз керек», — деді Руслан Арысбекұлы.
Мәжіліс депутаты партия фракциясы аясында жастар, салық жүйесі, экономикалық мәселелерді шешуге атсалысып жатқанын атап өтті. Қала жастарын белсенді болуға шақырып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін