jasqazaq.kz

Шымкент: Мәжіліс депутаты өндіріс орындарын аралады

19 шiлде 2024, 12:23

Парламент депутаттары демалысқа шыққанымен, кейбіреулері ел аралап, сайлаушыларымен жүздескенді жөн көреді. Парламенті Мәжілісінің депутаты Руслан Берденов те Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында тұрғындармен кездесіп, бірқатар нысандарды аралап шықты. Мәжіліс депутаты алдымен «Тассай» индустриалдық аймағындағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
Сондай-ақ ол медициналық бұйымдар шығаратын MARAI E7 group кәсіпорнында болды. 2017 жылы іске қосылған кәсіпорнының жұмысшыларының ұсыныстарын тыңдады. Өндіріс басшылары кездесуде шығарған өнімді сату бойынша бірқатар мәселелерін жеткізді.


Депутат елімізде медициналық бұйымдар шығаратын 60-қа жуық компанияның өнімдеріне қолдау көрсету бойынша мәселелер көтеретінін айтты.

Одан кейін Мәжіліс депутаты «Asia Trafo» ЖШС кәсіпорнына барды. «Asia Trafo» – отандық «Alageum Electriс» электр машина жасау саласындағы жетекші өндіруші құрамына кіретін, Орталық Азиядағы кернеуі 110, 220, 500 кВ қуаты 500 МВА дейінгі трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт. 2019 жылы іске қосылған кәсіпорын бүгінде 200-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт өнімдеріне тек ішкі нарықта ғана емес, бүгінде шетелден де сұраныс бар. Депутат өндіріс орнының сынақ зертханасын, дәнекерлеу-дайындау цехын аралап көрді.
Айта кетейік, Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалдық аймағында 30-дан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Руслан Берденовтің Шымкент қаласына іс-сапары «BAL TEKSTIL» кәсіпорнында жалғасты. Депутат серіктестіктің басшылығы және ұжымымен кездесті.
«BAL TEKSTIL» ЖШС — кілем және кілем бұйымдарын өндіретін алғашқы отандық зауыт. Әрі Орталық Азиядағы ірі кілем фабрикаларының бірі. Фабрика 2013 жылы Шымкент қаласында құрылған.

Кәсіпорындағы орташа жалақы — 130 мың теңге. Қазір мұнда 500-ге жуық адам жұмыс істейді. Жылына 7 млн шаршы метр кілем және 4 мың тонна полипропилен жіптері өндіріледі.

Мәжіліс депутатымен кездесуде кәсіпкерлер отандық өндірістің дамуына шетелдік компаниялардың демпинге баруы кедергі екенін жеткізді. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлер ішкі өнімді қорғау және қолдау мақсатында заң аясында көмек сұрады.

Бүгінде бүкіл бір саланы тежеп тұрғандықтан бизнесмендер Руслан Берденовке бұл мәселені мәжіліс мінберінен көтеруді сұрады. Өз кезегінде Мәжіліс депутаты кәсіпкерлердің ұсыныстары жерде қалмайтынына уәде берді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін