Шымкент: Маңызды шешімдерге қолдау бар

06 мамыр, 19:46

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үстіміздегі жылдың ақпанында өткен Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде еліміздің барлық азаматтарына бірдей жағдай жасалып, көмекке мұқтаж жандарға жәрдем берілуі керек екенін атап көрсеткен еді. Президент тапсырмасы Шымшаһарда мүлтіксіз орындалады.  Мәселен, мамыр айында бірінен соң бірі атап өтілетін мерекелер қарсаңында Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.

Ең алдымен күн тәртібіне Жеңістің 79 жылдығына орай Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне көрсетілетін көмек көлемін 1 329 120 теңгеден (360 айлық есептік көрсеткіш – АЕК) 2 000 000 теңгеге (542 АЕК) дейін арттыру мәселесі қойылды.  Сондай-ақ тыл еңбеккерлері де ұмыт қалмайды, оларға да материалдық көмек көрсетіледі. Өткен жылы оларға 41 400 теңге (12 АЕК) төленген. Биыл бұл сома 55 380 теңгеге (15 АЕК) көбейді. Қалада 1872 тыл еңбеккері ақшалай төлем алады.

Сонымен бірге 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаға қатысушылар арасынан саяси қуғын-сүргін құрбандарына тиесілі біржолғы әлеуметтік төлем өседі. Биыл олар 239 980 теңге (65 АЕК) алады. Сондай-ақ 29 тамыз Семей ядролық сынақ полигоны жабылған күнге байланысты ядролық сынақтар салдарынан мүгедек болып қалған және ядролық сынақтарға тікелей қатысқан тұлғаларға 45 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұрын бұл төлемнің мөлшері 36 АЕК болатын. Биылдан бастап қозғалу қиындығы бар I топтағы мүгедектердің жеке көмекшілерінің санаториялық-курорттық емделуіне 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл қаражат жеке көмекшінің санаториялық-курорттық ұйымда болу құнын өтеу үшін жылына бір рет төленеді. Ал пробация қызметінің есебінде тұрғандарға 36 920 теңге (10 АЕК) аударылады.

Сондай-ақ мәслихат сессиясында 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау барысында жалға берілетін пәтерлер сатып алуға, кәсіпкерлік мақсатта берілген несиелерді субсидиялауға,  шаһардағы мектептерде байланыс жүйесін тартуға, жол салуға, төрт елді мекенді газдандыруға қаржы қарастыру  мәселесі де қаралды.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков халық тұрмысын жақсартуға бағытталып отырған маңызды шешімдерге қолдау білдірген мәслихат депутаттарына алғыс білдіріп, алдағы уақытта да мегаполисті дамытуда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент әкімінің баспасөз қызметі

 

 

18 мамыр, 22:58
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді
17 мамыр, 15:54
Түркістан: «Жасөспірім және жауапкершілік» профилактикалық шарасы өтуде
17 мамыр, 15:41
Түркістан: «Құқықтық тәртіп» және алаяқтардан сақтандыру
17 мамыр, 12:04
Түркістан: Учаскелік полицейдің қоғамдағы жауапкершілігі жоғары
16 мамыр, 15:19
Түркістан: Полиция мектеп оқушыларына қауіпсіздік шараларын түсіндірді
15 мамыр, 16:48
Түркістан: Алимент, авторлық құқық және сот сараптамасы
15 мамыр, 15:56
Түркістан: Өткен жылы 7 184 адамға тегін заң көмегі көрсетілген
15 мамыр, 15:36
Түркістан: Сарыағаш полициясы профилактикалық жұмысты күшейтті
15 мамыр, 14:16
Түркістан: Полиция жастарды қауіп-қатерден сақтандырады