jasqazaq.kz

Шымкент: Маңызды мәселелер талқыланды

13 тамыз 2024, 13:46

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығы, мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз салынған құрылыс нысандары, құжаты рәсімделмеген дүңгіршектер, денсаулық сақтау саласында 6 айда атқарылған жұмыстар талқыланды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева жаңа оқу жылы қарсаңындағы білім ғимараттарының дайындығы мен өзекті мәселелерді пысықтады.
Ол: «Шымкент қаласында 1 тамыздан бастап «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы басталды. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Биыл мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан 11 390 бала, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 39 841 бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 399 бала мектепке қажетті құрал-жабдықпен, киім-кешекпен қамтылады»,-деді.


Қала әкімі тиісті сала басшыларына білім нысандарының жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз етуде, мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына әзірлігін сапалы, мерзімінде жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Н.Жүнісбеков дүңгіршектерді тиісті құжаттарсыз өз бетінше иеленген жағдайларға тоқталды. Жалпы қала бойынша 577 дүңгіршек анықталған, орнынан алынғаны 228. Тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Қала басшысы жауаптыларға құжаттандыру жұмыстарын заң аясында жүргізуді бақылап, кәсіпкерлік қызметтің заң шеңберінде ұйымдастырылуын қамтасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар қала көшелерінде заңсыз салынған нысандарға рейдтік жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.


Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы М. Керімжанов заңсыз салынған құрылыс нысандары бойынша баяндама жасады. Басқарма тарапынан заңға сәйкес 28 нысанға талап арыздар жолданған, 13 құрылыс нысанына мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі шықты. Қала әкімі сала басшысына бұл бағыттағы жұмыстарды заң шеңберінде ұйымдастыруда нақты тапсырмалар жүктеді. Заңсыз нысандардың салынуына жол бермеу үшін, басқарма тарапына бақылауды күшейтуді тапсырды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде