jasqazaq.kz

Шымкент: Мамандар есірткіге қарсы күрестегі мәселелерді ортаға салды

24 маусым 2023, 14:10

26 маусым – Халықаралық есірткімен күрес күні. Осыған орай, Шымкент қаласының №2 клиникалық ауруханасында Полиция департаменті, ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық, психикалық денсаулық орталығының мамандары нашақорлыққа қарсы күресу жолындағы жетістіктері мен бүгінгі өзекті мәселе жөніндегі ойларын ортаға салды.

Презилент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жалдауында «Синтетикалық есірткіні тұтынудың артуы ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Теріс динамика байқалады. Соңғы үш жылда айналымнан алынатын «синтетика» көлемі 10 есе артқан. Синтетикалық есірткі жыл сайын арзан әрі қолжетімді болып отыр. Олар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы еш кедергісіз сатылып, тіпті үйге дейін жеткізіледі», – деді Мемлекет басшысы. Сондықтан Үкіметке нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар әзірлеу қажет екенін тапсырған.
Жастардың есірткіге еліргеніне мамандар да алаңдаулы. Олардың айтуынша, жастар арасында синтетикалық заттарға тәуелділік ұлттың болашағына төнген үлкен қауіп.
Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетованың айтуынша, мұндай қауіптен қорғау үшін ең алдымен ата-аналар балаларына көбірек көңіл бөліп, сырласуы қажет. Отбасында мейірімге қаныққан бала болашағын бұлыңғыр ететін әдеттерден аулақ болады екен.
–Синтетикалық есірткіге тәуелділік алғаш тұтынғаннан-ақ пайда болады. Өкініштісі, есірткі сатушылар өз өнімін өткізу үшін буыны бекімеген, психологиясы жетілмеген жастарды таңдайды. Осы ретте, ата-аналар балаларының жүріс-тұрысына мұқият болуы керек. Өйткені бұл жолға түскен жастың бойында өзгерістер орын ала бастайды. Тамаққа тәбеті жоғалып, қысқа уақыттың ішінде 10-20 келі салмақ жоғалтады. Түнде ұйқысы қашып, денесіне жазылмайтын жаралар шығады. Көбіне ата-аналар балаларында есірткіге деген тәуелділік шарықтау шегіне жеткенде ғана бір-ақ біледі. Алғашында білсе де, дәрігерге апармай елден жасыруға тырысады. Оның салдары қайғылы жағдайға әкеледі. Сондықтан ата-аналар балаға көбірек көңіл бөліңіздер. Бала өзіндегі мәселені үлкендерге айта алса, оның мұндай жолдан тез шығуына мүмкіндік бар. Синтетикалық есірткілер адамға марихуана мен анашамен салыстырғанда 10-15 есе қатты әсер етеді. Өйткені «синтетиканы» тұрақты қолданушыларда галлюцинация болып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталып жатады. Яғни «синтетиканы» тұтынушылар суицид жасауға бейім келеді, — дейді дәрігер.
Шымкент психикалық денсаулық орталығында жылына 5000-ға жуық адам есірткі тәуелділігінен ем алады. 2023 жылдың басынан 1500 адам емделіпті. Дәрігерлер науқастар дерт асқынғанда ғана мамандардың көмегіне жүгінетінін айтуда.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее