jasqazaq.kz

Шымкент: М.Әуезов университеті мен Валайлак университеті академиялық ұтқырлық жобасын талқылады

03 қыркүйек 2024, 14:06

Бүгінде елімізде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім беру сапасын арттыруға, студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың, оқытушылар мен қызметкерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Осыған орай, Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Бангкок пен Краби провинциясында Таиланд Корольдігінің Елшілігінің қолдауымен «Таиланд пен Орталық Азия елдері арасындағы білім беру және академиялық ынтымақтастыққа қолдау білдіру» жиынына қатысты. Бұл туралы Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алдымен Әуезов университетінің делегациясы Краби провинциясындағы Валайлак университетімен танысып, оқу кабинеттерін аралады. Онда кампус-тур аясында медициналық госпиталь және университеттің заң факультетімен танысты. Валайлак университетінің басшылығымен кездесу барысында делегация мүшелері «Әуезов университетінің интернационалдандыру арқылы ғылым мен білім берудегі дамуы» тақырыбында жасаған презентацияда білім және ғылым саласындағы қызмет және екіжақты әріптестік жайын қозғады. Сонымен қатар екі университет арасындағы екі жақты келісімге сейкес, академиялық ұтқырылық бағдарламасы аясында студенттердің білімін жетілдіруге арналған жобалар талқыланды.

Сондай-ақ білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуда Бангкоктың жетекші университеттерімен ресми кездесу өтті.
Елімізде академиялық ұтқырлықты жүзеге асырудың негізгі мақсаты – ол білім берудің сапасын халықаралық ақпараттық қоғамға бейімделген жаңа мамандарды тәрбиелеу арқылы арттыру. Қазіргі таңда академиялық ұтқырлық серіктес жоғары оқу орындар арасында студенттер, магистранттар алмасудың тиімді формасының бірі.

Академиялық ұтқырлық – білім алушылардың (студент, магистрант) немесе оқытушы-зерттеушінің нақты бір академиялық мерзімге (оқу және өндірістік сараманнан өтуімен бірге, 1 семестрден кем емес) басқа ЖОО-ға (шетелдік, қазақстандық) барып білім алу немесе зерттеу жүргізуі.

Қорытынды кездесуде Чулалонгкорн, Таммасат, Рангсит, Валайлак, Король Монгкут Тонбури технологиялық университеті және Убонратчатхани университеті сияқты Таиландтың беделді университеттерімен академиялық ұтқырлық және ғылыми ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

JQ-Aqparat
Сурет: М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі