jasqazaq.kz

Шымкент логистикалық инфрақұрылымды дамытуға бағыт алды

01 сәуiр 2024, 15:46

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында стратегиялық маңызды міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану мәселесіне айрықша басымдық берілуі керек екеніне тоқталған болатын. Осы орайда Президент: «Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқан. Бұл біздің елімізге зор мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс. Қазір бәсеке күшейіп тұр. Осыған орай бірқатар маңызды мәселені шұғыл шешу керек», — деп атап көрсетті.

Еліміздің Еуразиядағы тораптық транзиттік хаб ретінде өз позициясын күшейтіп, толыққанды көліктік-логистикалық державаға айналуына Шымкент қаласы да айтарлықтай үлесін қосып келеді. Бұл бағыттағы және бір қадам — Париж бағытынан Шымкент қаласының әуежайына жүк ұшағының алғаш рет қонуын айтуға болады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Париж – Шымкент — Хайнань бағытымен қатынайтын әуе кемесінің техникалық қонуы «FTL airlines» француз жүк тасымалдаушысы арасындағы уағдаластықтар аясында Шымкент әуежайында ұйымдастырылды.

Алдағы уақытта Шымкентке жүк әуе тасымалын тұрақты түрде жолға қою жоспарлануда. Бұл еліміздегі үшінші мегаполистің логистикалық инфрақұрылымын дамытуда маңызды қадам болмақ.

Айта кетейік, Шымкенттегі «Сауда-логистикалық орталық» аумағының жоғары жүктемесіне байланысты хабтың жалпы ауданын 92 гектардан 136,29 гектарға дейін кеңейту туралы шешім қабылданды. Орталықты кеңейту үшінші мегаполистің Орталық Азия елдері арасында көлік-логистикалық хабқа айналуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар отандық экономиканың дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Өйткені бұл ең алдымен өнім бағасын төмендетуге, сондай-ақ ел нарығын тұтыну тауарларымен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Қазір осы орталықта жалпы құны 25,2 млрд теңге болатын 4 инвестициялық жоба жемісті түрде жүзеге асып жатыр. 285 жұмыс орны ашылды. Оған қоса, жалпы құны 59 млрд теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобаның пулы құрылды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі