jasqazaq.kz

Шымкент-Кутаиси арасында әріптестік байланыс жанданды

07 мамыр 2023, 11:23

Кутаиси қаласының мэрі И.Хахалейшвилидің шақыруымен Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Қалкабаев пен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова Грузияның үшінші ірі қаласына іс-сапармен барды.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Сапар аясында Шымкент пен Кутаиси арасындағы туризм саласында екіжақты ынтымақтастықты дамыту бағытында кездесулер жоспарланған.

Кутаисиде бүгін қала күні аталып өтуде. Шымкенттік делегация мерекелік салтанатты шараға қатысып, «Достық” аллеясында ағаш көшеттерін отырғызатын болады.

Айта кетейік, мамыр айының соңында «Flyarystan» әуекомпаниясы Шымкент-Кутаиси бағытында аптасына екі күндік әуе қатынастарын жаңғыртпақ. Еске сала кетейік, 2023 жылдың басынан бері қала әкімі және қала әкімінің орынбасары шетел өкілдерімен әкімдік ғимаратында 16 кездесу ұйымдастырылған. Кездесу барысында қалада инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізілді және елшілердің сыпайылық кездесулері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ҚХР-ның Сиань, және Италияның Генуя қалаларымен бауырластық қатынас орнату бойынша келіссөздер жүргізілуде. Ал, қазіргі уақытта Шымкент қаласы 8 мемлекеттің 10 қаласымен бауырлас қала ынтымақтастығына ие. Олар Худжанд, Могилев, Байинь, Стивенэйдж, Измир, Паттайя, Ахарнон, Гросетто, Эскишехир, Адана. Биылғы жылы Шымкент қаласымен бауырлас қалалардың басын қосу арқылы, бауырлас қалаларда қала экономикасын дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, мәдени құндылықтарды арттыру бағытында тәжірибе алмасу, бауырластық қарым қатынасты одан ары нығайту үшін дипломатиялық корпусқа арналған форум ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі