jasqazaq.kz

Шымкент: Көшпелі кездесуде өзекті мәселелер талқыланды

12 тамыз 2024, 14:15

Шымкент қаласының тұрғындарын ауланы абаттандыру, қоқыс жинау, жер учаскелерін заңдастыру, кәріз жүйелерін жүргізу және көшелерді, саябақтарды жарықтандыру мәселелері толғандырады. Сондықтан оларға өз сауалдарын шаһар басшысымен кездесуде ортаға тастап, жауабын сол мезетте алуға жағдай жасалады. Сондай көшпелі кездесудің бірі Әл-Фараби және Еңбекші аудандарының тұрғындарымен өткізілді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесуде тұрғындар инфрақұрылым мәселесіне қоса, жасыл желектерді суару, ол жөндеу, саябақтар мен гүлзарларда пандустар орнату туралы өтініштерін айтты.

Елтай және Тоғыс тұрғын алаптарының тұрғындары жаңа мектеп пен мәдениет үйін, сондай-ақ спорт кешенін салу қажеттілігін атап өтті. Қала әкімі бұл өтініштерді ескеріп, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын қарастыруды тапсырды.
Елтай тұрғын алабындағы азаматтар жаяу жүргіншілер өткелін салу, бейнебақылау камераларын орнату және балабақша қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелерін де көтерді. Ал Айнатас шағын ауданының тұрғындары жаңа мектеп салу және қоғамдық көлік қозғалысын реттеу туралы өтініштерін жеткізді.

Қала әкімі барлық ұсыныстар мен өтініштерді назарға ала отырып, өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
Сондай-ақ Ғабит Сыздықбеков Нұршуақ, Жиделі, Қызылжар, Құрсай, Ақтас шағын аудандарының және Рысқұлов пен Байтұрсынов көшелерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Көшпелі кездесуде қала тұрғындары жолдарды асфальттеу, кеңейту, спорт және балалар алаңдарын салу, жер учаскелерін заңдастыру сияқты маңызды мәселелерді талқылады.

Жиделі шағын ауданының тұрғындары білім беру және денсаулық сақтау нысандарының жетіспеушілігі, жаяу жүргіншілер өткелінің жоқтығы және шалғай көшелерде жарықтың болмауы сияқты проблемаларды көтерді. Әкім осы мәселелерді шешу үшін тиісті басқармаларға тапсырма берді, әсіресе балабақша мен мобильді медициналық пункт салу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Қызылжар шағын ауданында тұрғындармен кәріз жүйесін жүргізу, қоғамдық көлік маршруттарын ұзарту және көшелерді абаттандыру мәселелері талқыланды. Ал Рысқұлов пен Байтұрсынов көшелері, Құрмет шағынауданы және Ақтас тұрғын алабындағы тұрғындар жасыл желек, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, тротуарлар мен аялдамаларды орналастыру сияқты мәселелерді көтерді.
Кездесуде суару жүйелері, мәдениет үйінің құрылысы, балабақша, электр энергиясы және сумен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері де қаралды. Қала әкімі тұрғындардың ұсыныстарын мұқият тыңдап, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ аудан әкімдеріне жолдарды асфальттау, көшелерді жарықтандыру және жергілікті маңызы бар көшелерге коммуникациялар жүргізу бойынша міндеттер жүктеді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін