jasqazaq.kz

Шымкент: Кондукторсыз жүйеде күнделікті транзакцияның көлемі артқан

17 мамыр 2023, 12:41

Әр саланы цифрландыру – заман талабы. Президент әр жылғы Қазақстан халқына Жолдауындаосы мәселені алға тартып, Үкіметке нақты тапсырмалар береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде еліміздің барлық саласында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде соңғы үлгідегі техникалар мен технологиялар қолданылып отыр. Мәселен, Шымкент қаласының қоғамдық көліктеріндегі жаңашылдық, электронды билеттер мен жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасын реттеу жұмысы цифрлық жүйеге көшіріліп, бүгінде өзінің оң нәтижесін көрсетуде.

Қала ішіндегі жолаушыларды тасымалдау қызметінде биыл тағы бір жаңалық жүзеге асты. Атап айтқанда қоғамдық көліктер кондукторсыз жүйеде қызмет көрсете бастады. Нәтижесінде транзакцияның 70-80 пайызға өсіпті. Қазіргі таңда күнделікті транзакциялар саны жұмыс күндері – 380 мың, демалыс күндері – 200 мыңды құрап отыр. Ал осы уақытқа дейін 500-ден аса жолақы төлемеген жолаушы бақылаушылар тарапынан анықталып, оларға Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес, 6900 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Шымкент қаласы үшін ең маңызды мәселенің бірі – жол сапасы мен көшедегі көлік қозғалысын реттеу болып тұр. Статистикаға сәйкес, Шымкент қаласы автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі. Осыған орай, соңғы жылдары қалада жол құрылысы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамуда. Мысалы, 2022 жылдың қорытындысымен 287,8 шақырымға жол құрылыс жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын 236,3 шақырымды құрайтын 294 көшеге жүргізу жоспарланған. Оның 24-і көлік ағыны жоғары әрі қоғамдық көлік қатынайтын орталық магистрал көшелер.

– Ташкент — Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Оның 31 шақырымы 8 кезең бойынша жүргізілуде. Бүгінде 1-ші және 3-ші кезеңінің құрылыс жұмыстары және Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы аяқталды. Осы жылы 2-ші және 4-ші кезеңді толығымен аяқтау жоспарланып отыр. Одан бөлек, 16 шақырымды құрайтын «Оңтүстік айналма жолының» құрылысы жүргізілуде. Аталған нысан Шымкент қаласы аумағымен қатынайтын транзиттік және басқа да автокөліктердің айналма жолмен қатынап, қала аумағындағы көлік кептелісін сейілтуге және көлік қозғалысының қауіпсіздігіне септігін тигізбек, – дейді Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Сәтіллаұлы.

Қазір қалада 1886 аялдама орны бар. 2020 жылдан бері жаңа типтегі аялдама павильондарын орнату жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда, жаңа аялдама павильондарының үлесі 35,5 пайызды құрайды. Биыл 250 аялдама павильонын орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, қажеттілігі бар аймақтарға 12 бағдаршам орнатылады. Қала аумағында орналасқан 291 бағдаршам нысандарына күтіп-ұстау жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата
13 мамыр, 15:04
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді