jasqazaq.kz

Шымкент: Колледж студенті WorldSkills International чемпионатында жүлделі орынды иеленді

18 қыркүйек 2024, 14:46

Еліміздің колледж студенттері WorldSkills-2024 жұмысшы мамандықтарының әлемдік чемпионатында керемет нәтижеге қол жеткізді. Олардың арасында Шымкент қаласындағы жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенті Әйгерім Досова да бар.

WorldSkills International 25 жасқа дейінгі жас мамандардың кәсіби дағдыларын анықтауға және дамытуға бағытталған ірі халықаралық жарыс болып табылады. Чемпионат халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және цифрлық трансформация жағдайында жұмысшы мамандықтары мен заманауи техникалық білімнің маңыздылығын арттыруға бағытталған, оған әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар жиналады.

Әлемдік сайыстың мақсаты — ттехникалық мамандықтар бойынша кәсіби даярлықтың мәртебесі мен стандарттарын насихаттау.
10 қыркүйекте Лион қаласында өткен «WorldSkills Lyon-2024» халықаралық чемпионатқа 70 мемлекеттен келген қатысушылар 62 түрлі кәсіби шеберлік бойынша бақ сынады. Кәсіби шеберлік чемпионатына 69 елден 1500-ге жуық колледж студенттері қатысты.

Елімізден барған колледж студенттері «WorldSkills – 2024» жұмысшы мамандықтарының әлемдік чемпионатында керемет нәтижеге қол жеткізді. Тарихта тұңғыш рет ұлттық құрама Франциядағы Лион қаласында өткен 47-ші WorldSkills International халықаралық чемпионатында 7 медальон жеңіп алып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Біздің еліміздің намысын 30 құзыреттілік бойынша 32 қатысушы және 30 халықаралық сарапшы қорғады.

Қазақстан Республикасы құрама командасы да осы мемлекеттердің қатарында болып, соның ішінде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінен «Сән-технологиясы» құзіреттілігі бойынша Лион қаласындағы халықаралық «WorldSkills -2024» чемпионатына «WorldSkills Kazakhstan -2022» Ұлттық чемпионатының І орын иегері – Әйгерім Русланқызы Досова қатысты.
Әлемдік додада үздіктер қатарынан көрінген Әйгерім Досова «Сән-технологиясы» құзіреттілігі бойынша медальон жеңіп алып, жоғары көрсеткішке ие болып, топ жарды.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласының Білім басқармасы

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі