jasqazaq.kz

Шымкент: Қоғамдық келісімді нығайту жолындағы бірлескен тиімді шаралар талқыланды

01 қыркүйек 2024, 14:49

Шымкент қаласы әкімі аппаратында «Қазақстан Халқы ассамблеясының жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен, мәслихатпен байланысын нығайту» тақырыбында жиын өтті.
Президент Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан мен еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин бастаған жұмысшы топ жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен, мәслихат депутаттарымен кездесті.
Кездесуде Қазақстан Халқы ассамблеясының мемлекеттік органдармен, мәслихаттармен өзара іс-қимылын күшейту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету, қоғамдағы сенім мәдениетін нығайту, қоғамның әлеуметтік кеселдеріне қарсы тұру мәселелері қаралды.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен өтетін жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды сапалы іске асыру мәселелері бойынша Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан мен мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин сөз сөйледі.


Іс-шара барысында Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан мемлекет үшін еліміздегі бейбітшілік пен келісім әрқашанда басты басымдықта болып қала беретінін, бұл ел дамуының және азаматтардың қауіпсіздігінің басты факторы екенін атап өтті. Сонымен қатар, этносына қарамастан азаматтардың құқықтық теңдігі – елдегі этносаралық тұрақтылықтың негізі, Қазақстан халқының бірлігін нығайту және қоғамда азаматтық бірегейлікті дамыту, ұлтаралық шиеленіс пен қақтығыстың алдын-алу жайына назар салды.
Сонымен қатар, қоғамдық келісімді нығайту жолындағы бірлескен тиімді шаралар мен құқықтық мәселелер туралы қалалық мәслихат депутаты Мұратәлі Оразалыұлы Қалмұратов, Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Арман Арун-Рашидұлы Бейсенбаев, Шымкент қаласы прокуратурасынан Нариман Саидиғаниұлы Базарбаевтар сөз сөйледі.
Этносаралық қатынастарды нығайту мәселелері талқыланған жиында қоғамды ұлтараздық тудыру үшін от жағып, айдап салатындарға қатысты құқықтық тұрғыда қатаң шара қолдану бағытында ұсыныстар айтылды.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
Бүгін, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
Бүгін, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
Бүгін, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
Бүгін, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
Бүгін, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство
Бүгін, 13:15
Астана іргесінде 4 туысын өлтірген күдіктіден реактивті психоз анықталды
Бүгін, 10:25
Алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
29 сәуiр, 15:00
Как развивается хлопково-текстильный кластер в Туркестане?