jasqazaq.kz

Шымкент: Қоғамдық келісім — бірлікті бекемдейді

20 қараша 2024, 15:26

Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары басқосып, қалалық ҚХА жанындағы «Жомарт жан» орталығының төрағасын сайлады. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы баспасөз қызметінің мәліметінше, жиында этнос көшбасшылары, «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары мен жауапты қызметкерлерi жыл соңына дейін қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті бекемдеу бағытындағы жобаларды талқылады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясындағы шешімдері негізінде әзірленген 13 жоба бойынша нақты жұмыс жүргізу және келер жылы аталып өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында жоспарланған ic-шаралардың жобасы пысықталды.

Жиында этномәдени бірлестік төрағаларының қолдауымен «Жомарт жан» орталығының төрағасы болып сайланған қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Пан орталықтың алдағы жұмыс жоспарын нақтылап, қайырымдылық бағыттағы іс-шараларды өткізу бойынша этнос көшбасшыларының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Сонымен қатар, қалалық ҚХА жанына меценаттарды, қайырымдылық жасаушыларды, волонтерлерді біріктіру және шоғырландыру, Үкіметтік емес ұйымдарды, бизнес қоғамдастықты, волонтерлік желіні ҚХА-мен ынтымақтастыққа белсенді тарту жайы сөз болды
Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясының шешімдерін іске асыру аясында әзірленген «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар», «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі», «Бірлігіміз – әр алуандықта», «Жомарт жан», «Ассамблея айнасы», «Біртұтас қоғам: келісім және сенім», «Этномәдени бірлестіктер: реформалардың әлеуметтік базасы», «Салауатты сана», «Адал азамат», «Елдесу және татуласу», «Жаңа толқын», «Тамырлас», «Қазақстан халқы Ассамблеясының академиясы» сынды 13 арнайы жобаны іске асыру пысықталды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында жүктеген тапсырмаларын орындау, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, қоғамдық құрылымдардың жұмысын жандандыру, мемлекеттік деңгейдегі мерекелер қарсаңында қалалық ассамблея алаңында ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін «Қуанышты күн» акциясын ұйымдастыру сынды бірқатар мәселелер талқыланды.
Жиын соңында Мемлекет басшысының тапсырмаларын нәтижелі орындауға жұмылу әрбір азаматтың мерейлі міндеті екендігі айтылды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы ҚХА баспасөз қызметі

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс