jasqazaq.kz

Шымкент: Қаратау ауданынд 13 зират орындары жабылуға ұсынылды

15 тамыз 2023, 21:28

Жабық зират – жерлеу аймағы жаңа жерлеу орындарын құру үшін толығымен пайдаланылған зират болып табылады. Сондықтан, «Зираттар мен жерлеу объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қағидаларына, «Зираттарды жобалау және күтіп ұстау» ережелеріне сәйкес келмейтін әрекеттердің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың шілде айында Қаратау ауданы аумағындағы жерлеуге арналған зират орындарының толымдығын анықтау және жабуға ұсыныс енгізу бойынша арнайы комиссия құрылып, Заңға сәйкес өз жұмысын бастаған болатын.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша аудан аумағындағы жерлеу орындары белгіленген жер телімдері толған 13 зират жабуды қажет ететіндігі анықталды. Олар: «Лутфилла» мазараты, «Қарашаш Ана» кесенесі, «Қазы Байзавий» кесенесі, «Мірәлі баба» кесенесі, «Мариям Ана» кесенесі, «Балагардон баба (Абдул Азиз)» мазараты, «Махмудхан Ата» кесенесі, «Гузал Ата» кесенесі, «Лангар Ата» мазараты, «Сархалка баба» кесенесі, «Батыр бабалар» зираты, «Хожаи Солих» кесенесі, «Жүсіп Баба» ескі қорымы аумақтарында орналасқан жерлеу орындары.

«Соңғы уақытта жергілікті тұрғындар зираттарда жерлеу орындары болмаса да, жерлеу рәсімдерін жасап жүрген азаматтардың Заңға қайшы әрекеттері жиі орын алатындығын айтып шағымданған болатын. Осы орайда, аудан басшысының тапсырмасымен жедел комиссия құрылып, аудан аумағында орналасқан барлық зираттарға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар нәтижесінде жабуға ұсынылатын зираттар бойынша Қаулы жобасы әзірленді »-деді, Қаратау ауданы әкімніңі орынбасары, комиссия төрағасы Азамат Парманов.

Еске сала кетейік, аудан әкімі аппараты аталған 13 орындағы зираттар жабылғанымен, тұрғындардың бұл орындарға келіп зиярат етуіне ешқандай шектеу қойылмайтындығын ескертті.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі