jasqazaq.kz

Шымкент: Қарабастау ауданы орталықтандырылған газ жүйесіне қосылды

08 тамыз 2025, 12:13

Газдандыру – ауыл мен қаладағы өмір сапасын арттырып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың маңызды тетігі. Соңғы жылдары осы бағыттағы жұмыстар өңірлерде белсенді жүзеге асырылып жатыр. Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласындағы шағын аудандардағы үйлер көгілдір отынға қосылып, тұрғындар күн суықта пеш жағу машақатынан біртіндеп құтылып жатыр. Шаһарды газдандыру қоршаған ортаға да жағымды әсер етіп, көмір жағудан ауаға тарайтын зиянды қалдықтардан құтқаратыны өз алдына.

Қалада қарқынды жүзеге асырылып жатқан газдандыру бағдарламасына сәйкес, тағы бір шағын ауданның тұрғындары қуанышқа бөленді. Бұл жолы Қарабастау шағын ауданына кезек келді.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қарабастау шағын ауданы тұрғындарымен бірге табиғи газды іске қосуға қатысты. Жобаны жүзеге асыру 1408 үйді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, бұл жергілікті тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға тікелей әсер етеді.

Осы уақытқа дейін 9 мыңға жуық адам тұратын шағын аудан орталықтандырылған газбен толық қамтылмаған. Осы жұмысқа жауаптылар мен мердігер ұйымдардың бірлескен әрекеттерінің арқасында ауқымды жоба сәтті аяқталды.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков: «Газдандыру — бұл жүйеге қосылу ғана емес, шағын ауданның өмір сүру сапасын жақсартуға және орнықты дамуында маңызды қадам», дей келе, осы игі іске үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.
Айта кеткен жөн, ел көлемінде газдандыру бойынша ең жоғары көрсеткіштің бірі Шымкент қаласында тіркелген. Өткен жылдың соңында бұл деңгей — 99,9 пайыз немесе 1 млн 173 мың адам табиғи газға қол жеткізгені жария етілген.  Былтырдан бері 9 жобаны (4 жалғасуда, 5 жаңа) іске асыру жоспарланған. Соның нәтижесінде келешекте қосымша 80 мыңнан астам адам табиғи газға қол жеткізе алады және газдандыру деңгейі 100 пайыз болады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласының әкімдігі

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды