jasqazaq.kz

Шымкент: «Қамқор» бағдарламасы баспана алуға жаңа мүмкіндіктер ұсынады

02 қыркүйек 2024, 13:00

Шымкент қаласында тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында маңызды шаралар қолға алынуда. Қала тұрғындары үшін тұрғын үй мәселесін шешу бойынша қолға алынған шаралар қаланың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Осы орайда «Қамқор» өңірлік бағдарламасы аясында маңызды қаржылық қолдау шаралары қабылданды. Биылғы жылы жергілікті бюджеттен 5 миллиард теңге және «Отбасы банк» АҚ-нан 3 миллиард теңге бөлініп, жалпы 8 миллиард теңге көлеміндегі қаражат тұрғын үй несиелендіру мен қолдау шараларына бағытталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Азат Исламов мәлімдеді.

Қала тұрғындарына арналаған «Қамқор» бағдарламасының негізгі шарттары мынадай:
• несиенің ең жоғары мөлшерлемесі – 20 миллион теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлеме – 6%;
• бастапқы жарна – 10%-дан кем емес;
• несие мерзімі – 25 жыл.
Ескеретін жәйт: тұрғын үйді тек бастапқы нарықтан ғана алуға мүмкіндік беріледі.
Айта кеткен жөн, бағдарламаға журналистер мен БАҚ қызметкерлері, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, коммуналдық сала мамандары, және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері қатыса алады.
Басқарма басшысының айтуынша, биыл бағдарлама аясында 400 отбасы тұрғын үй несиелерімен қамтамасыз етіледі.
«Биыл 200 млн теңгеге қайтарымсыз тұрғын үй сертификаттары берілуде. Ағымдағы жылдың 22 қаңтарынан бастап құжаттар қабылдануда және 218 азаматқа 199,9 млн. теңге көлемінде сертификаттар берілді. Екінші жартыжылдықта тағы 300 млн теңге бөлініп, қосымша сертификаттар беріледі», — деді Азат Исламов.
Бүгінгі таңда 60 азаматқа қайтарымсыз сертификат табысталды. «Қамқор» бағдарламасы арқылы тұрғын үй алу мүмкіндіктері мен қолдау шаралары қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған және олардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға үлкен септігін тигізеді.
Биыл Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында 364 пәтер құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, нарықтан сатып алу арқылы бұл көрсеткішті 1000 пәтерге жеткізу жоспарланып отыр.
Шымкент қаласында мемлекеттік тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз 8000-нан астам азамат арендалық пәтермен қамтылған. 2023 жылы 2000-нан астам пәтер тексеріліп, 68 отбасы тұрғынжайды мақсатсыз пайдаланғаны анықталды. 2024 жылы 626 пәтер тексеріліп, 20 отбасы үшінші тұлғаларға пәтерлерін жалға бергені анықталды. Сондықтан 23 пәтер өз еркімен мемлекет қорына қайтарылды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін