jasqazaq.kz

Шымкент: Қалдықтарды қайта өңдейтін кәсіпорын резеңке жабындыларын шығарады

11 тамыз 2023, 9:44

Тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен өңдеу табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың бірден-бір жолы екені анық. Барлық аймақтарда шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату және жою – заман талабына айналды. Бұл Президент Жарлығымен бекітілген жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын жүзеге асырумен үндеседі. Қазіргі таңда, елдегі қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі тұрақты түрде артып келеді. Ресми дерекке жүгінсек, Қазақстанда жыл сайын 5 миллион тоннадан астам тұрмыстық қалдық пайда болса, оның тек 9 пайызы ғана қайта өңделеді. Салыстыру үшін — Швецияда тұрмыстық қалдықтардың 99%, Германияда – 98 %, Италияда – 80% Жапонияда – 100 % кәде­ге жаратылады екен.

Мәселенің экономикалық жағына да зер салып көрейік. Қоқыс өңдеу – 21 ғасырдың бизнесі десек артық айтпас едік, себебі бұл тек экологиялық тұрғыдан ғана емес, экономикалық жағынан да тиімді. Қалдықтарды қайта өңдеу шағын және орта кәсіпкерлік үшін қомақты табыс көзіне айналуы бек мүмкін. Өзіндік құнының төменгі есебінен қайта өндірілген өнімдер көптеген салаларда сұранысқа ие.

Шымкент қаласында шиналар және құрамында резеңке бар қалдықтарды кәдеге жаратып, қайта өңдейтін «ЭКО Шина» компаниясы еліміздегі ең ірі зауыттардың бірі. Кәсіпорын 2009 жылдың 1 қазанында тіркелген, негізгі қызметі пайдаланылған шиналарды жинау және өңдеу және резеңке бұйымдарын өндіру.

Өзінің шикізатын пайдалана отырып, «ЭКО Шина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі резеңке еден жабындарын шығарумен айналысады. Резеңке жабыны — заманауи құрылыста өз орнын берік алған және ашық және жабық спорттық және аулалық ойын алаңдары үшін ең қолайлы заманауи, ыңғайлы жабын.

«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпорын 2023 жылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тан көмір брикеттерін өндіруге арналған құрал-жабдықтарды алуға жылына 21,75%-бен қаражат алды, ал оның 14,75%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.

Сондай-ақ, «Даму» Қоры кепілзаттың жетіспейтін бөлігіне кепілдік берді, ал қалған 8% кәсіпкер төлейді.
Қалдықтарды басқару саласында жұмыс істей отырып, кәсіпорын істен шыққан шиналарды жойып, аймақтың экологиялық қауіпсіздігі мәселесін шешеді, халық тұтынатын тауарлар өндірісінде қайталама шикізатты пайдалану арқылы ресурстарды үнемдеу бағытын дамытады.

Мерей Әлімбек

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста