jasqazaq.kz

Шымкент қаласының еріктілері мемлекет дамуына өз үлестерін қосуда

31 тамыз 2023, 22:02

Шымкент қаласында волонтерлер жазғы мектепте басқосты. Есте болса, осы еріктілер көмегімен елімізде орын алған пандемия кезінде көп жұмыс атқарылған болаты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Ұлттық Құрылтайда еріктілер тобын құрып, жастарды қоғам өміріне атсаластыру маңызды екенін айтқан болатын.

Жастар еліміздің негізгі қозғаушы күші. Президентіміздің де ел жастарына артып отырған сенімі жоғары. Бүгінде Шымкент қаласындағы волонтерлер күшімен атқарылған жұмысы өте көп. Олар қарт кісілерге көмектесу, қоғамдық орындардың тазалығы мен қала көшелерінің абаттандырылуына, қоғамдық іс-шаралардың өткізілуіне үлестерін қосып келеді.

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлының айтуынша, кеше қаланың жоғары және орта оқу орнындарынан келген 100-ге жуық ерікті екі күнге созылатын іс-шараға қатысыпты. Онда елге белгілі тренерлердің қатысуымен «Soft skills» тұлғалық қабілетті дамыту, мобилография шеберлігі мен «Еріктілердің қоғамдағы рөлі» тақырыбында семинар-тренингтер ұйымдастырылған Еріктілер пікір алмасу алаңында өзара тәжірибе алмасып, ортақ жобаларымен бөлісіпті.

Бұл іс-шара Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен биыл үшінші рет өткізіліп отыр екен. «Волонтерлер осы мектепте алған білімдерін практикалық тұрғыда шыңдайды. Бүгінде қаламызда 15 мыңға жуық волонтер және 12 волонтерлік және қайырымдылық ұйымдары жұмыс істейді. Олардың дені жоғарғы оқу орындарының жастары» дейді ол.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында «Волонтерлік – нақты істермен көрінетін патриотизмнің жоғары деңгейін білдіреді. Отанға деген махаббат үлкен ұрандар мен бос декларациялар емес, бұл – күнделікті еңбек, соның ішінде халықтың игілігі үшін шынайы атқарылатын қайырымды істер» деп атап өтіп жастарға үлкен үміт артатынын жеткізген болатын. Қазіргі таңда ерікті жастардың атқарып жүрген игілікті істері өте көп. Кез келген жұмысын алып қарасақ, мемлекеттік қызметті атқарғанмен пара-пар, – деді Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі