jasqazaq.kz

Шымкент қаласында үш жылда 144 спорт нысаны салынған

24 маусым 2023, 12:53

Бұқаралық спорт халық арасында жаппай белең алу үшін қажетті спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу қажет екені шындық. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша спорттық нысандар саны 1077-ге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 144 спорт нысанға артқанын қала әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын.

Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтқан болатын.

Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» әзірленіп, ол Үкіметтің қаулысымен бекітілгені мәлім. Осы орайда, Шымкент қаласында 2021 жылы қала аумағындағы тұрғын алаптар мен шағын аудандарда спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 115 спорт алаңшаның құрылысы жүргізілді. Оның 14-і демеушілер есебінен, қалған 101 спорт алаңшаның құрылысына бюджеттен 2 060.0 млн теңге қаржы бөлініп, спорт алаңшалары пайдалануға берілді. Сонымен қатар жеке инвесторлар арқылы «SHootting plaza» әмбебап ату кешені іске қосылды.

2023 жылы «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром құрылысы», «Металлург» стадионын реконструкциялау» құрылыс жұмыстары, Бозарық-3 шағын ауданындағы қалалық №20 спорт мектебінің спорт ғимаратының құрылысы толығымен аяқталып, қолданысқа берілді. Ал, жыл соңына дейін №12 спорт мектебінің қосымша корпусы құрылысы бітеді деп жоспарланып отыр.

Жалпы өңірде тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін жағдайлар жасалып жатыр. Бүгінде қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданушылар саны 498 852 адамға жетіп, 42% құрады.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее