jasqazaq.kz

Шымкент қаласында азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұрудың жаңа тәсілі енгізілді

24 маусым 2023, 14:34

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстап тұрудың жаңа тәсілі енгізілді. Тауардың осы түрін сату үшін сауда орнын жалға алған кәсіпкерлердің шығыны үш жыл бойына қазына есебінен өтеледі. Оларға келесі жылдан бастап алғашында аренда құнының 75 пайызы, екінші жылы жартысы, үшінші жылы төрттен бірі беріліп отыр.

Бүгінгі таңда ақшаның инфляциясы бойынша Шымкент өзге өңірлердің арасында алғашқы орында. Қазан айындағы дерек бойынша ол 2 пайыздан асқан. Жергілікті атқарушы билік тауарды интервенциялау, яғни азық-түлік саудасын көбейту нәтиже бермегенін айтады. Сондықтан ендігі шаралар бағаны тұрақтандыру үшін әлеуметтік тауарларды өндірушілердің айналым қаражатын көбейтуге бағытталады.

–Ауылшарушалығы өнімдерін өндірушілер осы жылдың наурыз айына дейін ірі сауда желілерінің алдында өз сауда нүктелерін аштық. Онда картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат секілді өнімдер сатылып жатыр. Екінші, маусымдық кезеңдерде баға қанша құбылса да бұл өнімдерді алдын ала тапсырыс беру арқылы бағаны қалыпты ұстауға тырысатын боламыз, — дейді Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров.

Азық-түлік бағасын тұрақтандырудың тағы бір жолы – ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі. Шымкент қаласында жергілікті тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының қатысуымен апта сайын азық-түлік жәрмеңкелері әр аптас сайын ұйымдастырылады.
Әр аптаның сейсенбі күндері Нұртас шағын ауданы №1/6 («Стандарт Сити») үйінің артындағы автотұрақ аумағында өтсе, сәрсенбі күндері Нұрсәт-3 шағын ауданы №52 үйдің жанындағы автотұрақ аумағында (сағат 15:00-18:00) ұйымдастырылады.

Ал, бейсенбі күндері Тұран шағын ауданы №763 «Turan Tower» сауда орталығы жанында (сағат 15:00-18:00), жұма күндері Шымсити шағын ауданы №135 жалпы орта мектебі жанында және Тұран-2 шағын ауданы №43 үйдің қарама-қарсы бетінде (сағат 15:00-18:00), сенбі күндері «Қажымұқан» атындағы орталық стадионның көлік тұрағында және «1000 ұсақ-түйек» сауда қатарының алдында (сағат 08:00-15:00) және жексенбі күні «Рахима плаза» сауда орталығының жанында (сағат 08:00-15:00) ұйымдастырылады.

Жәрмеңкелерде сатылатын өнімдер (ауыл шаруашылық өнімдері,ет-сүт және жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері) орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатылатын болады.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
Бүгін, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания