jasqazaq.kz

Шымкент қаласы гүлмен көмкерілуде

29 тамыз 2023, 15:39

Бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы Бәйдібек би және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан «Хан қорғанына» сальвия және антирринум көпжылдық гүлдері отырғызылуда. Бұл жұмысты қалалық коммуналдық шаруашылық мекемесі жүргізуде.

Жыл санап Шымкент қаласында жасыл экономика белдеуі қалыптасып, отандық табиғи өнім өндірушілердің қатарын артуда дейді өңір экологтары. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды», деп атап көрсеткеніні баршаға аян. Президенттің осы тпсырмасына біздің шаһар тұрғындары да өз үлестерін қосып келеді.

– Гүл өсіру тынымсыз жұмысты, көп уақытты талап етеді. Бізде өсірілген гүлдің бір ерекшелігі қар түскенше гүлдеп тұра береді. Жұмыстың қызатын тұсы сәуір мен мамыр айлары. Бұл кезде біздің бригадаларымыз тапсырыс алып, қала көшелерінің түкпір-түкпірін аралап, көшелерді гүлдендіруге жұмылдырылады. Біздің бір қызметкер тәулікте 7-8 мың түп гүл көшетін отырғызады. Қазіргі таңда бір бригадамыз Бәйдібек би және Т.Рысқұлов көшелерін безендіруде, – дейді гүл өсіруші Сәуле Есеева.

Гүлдер композициясы қазақи нақыштағы ою-өрнек пішінінде көмкерілген. Бұл аумаққа 45 мың дана гүл отырғызылмақ. Еңбекші ауданында орналасқан №1 автожол бойындағы айналма жолына петуния, тагетес, катарантус сияқты жалпы саны 48 мың көпжылдық гүлдер отырғызылуда. Қаланың көрнекті орындарының бірі — Қабанбай батыр даңғылы мен Анаров көшесінің қиылысы, теміржол вокзалы тұсындағы айналма жол маңында да көріктендіру жұмыстары жүргізілуде. Мұнда шафран, сальвия және целозия секілді көпжылдық гүлдер егілуде. Гүлдер арнайы ұңғымалар арқылы ылғалдандырылады. Көріктендіру жұмыстарына арнайы техникалар мен бригадалар жұмылдырылған.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры