jasqazaq.kz

Шымкент: қаланы дамытуда барлық түйткіл шешімін табады

10 мамыр 2024, 15:09

Шымкент сияқты ірі мегаполисте коммуналдық қызметтен бастап ұялы байланыстың мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Бұл бағытта қала әкімдігі жүйелі түрде жұмыс жүргізеді. Жыл сайын алға қойылған міндеттер мәслихаттың басқосуында пысықталады. Биыл да сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он бесінші сессиясында сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы міндеттер талқыланды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысқан сессия отырысында бірқатар басқарма басшылары атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарын баяндады.

Шымкент қаласын  дамытуға 2024-2026 жылдарға арналған бюджет көлемінің ұлғаюына орай, қаржының басым бөлігі маңызды салаларға бағытталады. Мәселен, «Қамқор» жергілікті тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға 5 млрд теңге бөлінді.  Қалалық құрылыс басқармасы басшысының есебінде «Қамқор» өңірлік бағдарламасы арқылы 400-ден кем емес отбасыны несиелендіру көзделгені айтылды.

Айта кету керек, қалада сумен жабдықтау мәселесі де оңтайлы шешіледі.  Шымшаһардың Теріскей, Сайрам, Күншығыс, Отырар және 18 шағынаудан тұрғындары мамыр мерекелері қарсаңында ақжолтай жаңалықты естіп, бір қуанып қалысты. 2015 жылдан бері 238 үй бар аталған шағын ауданда ыстық су мәселесі шешімін таппай келе жатқан. Биыл да тұрғындар қала әкімінің қабылдауында да осы мәселені шешіп беруді өтінген еді. Әкім өз кезегінде мәселені шұғыл түрде шешуге уәде берді.  Сөйтіп Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен аталмыш тұрғын үйлерді жыл бойына ыстық сумен қамтамасыз ету үшін ҚР-3 жергілікті қазандығы мен құбыр байламы жаңғыртылды.

Сондай-ақ кез келген елді мекен тұрғындары ұялы байланыс пен ғаламтордың мүлтіксіз жұмыс істегенін қалайтыны белгілі. Шымкент Ғабит Сыздықбеков «Beeline Қазақстан» компаниясының бас атқарушы директоры Евгений Настрадинмен кездесіп, қала аумағындағы байланыс пен интернет сапасын жақсарту жәйін талқылаған болатын.

Ұялы оператор басшылығы байланыс нашар орындарды азайту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мағлұмат берді. Мәселен, былтырғы жылы компания қалада байланыс сапасын жақсарту мақсатында 1,1 млрд теңгенің қаражатын инвестициялады. Биыл модернизация жұмыстарына 3,3 млрд теңге жұмсайды. Бірінші жартыжылдықта 70 станция жаңғыртылады, сондай-ақ 27 жаңа базалық станция орнату жоспарлануда.

Оған қоса, гүлзар, саябақ және халық көп шоғырланатын басқа да орындарда тегін интернет нүктелерін орнату мүмкіндігі де талқыланды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі

 

 

 

01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
30 сәуiр, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство