jasqazaq.kz

Шымкент: Қалалық мәслихат мүгедектігі бар азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетеді

09 тамыз 2025, 16:05

Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау, инклюзивті даму және ерекше қажеттіліктері бар жандардың өмір сапасын арттыру – қазіргі таңда мемлекет пен қоғамның күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдар мен өкілді билік органдары, соның ішінде мәслихаттар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Jasqazaq.kz сайтына Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетіліп жатқан қолдау шаралары туралы айтып берді.

Мәслихат депутатының айтуынша, Шымкент қаласының мәслихаты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қала халқының еркін білдіретін және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын, олардың орындалуын бақылайтын өкілді орган. Дегенмен мәслихаттар әзірлейтін және бекітетін жергілікті бюджет бағдарламалары арқылы мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетілетін қызметтерді реттеуші рөлді атқарады.

Сонымен қатар, мәслихат сессиясында жергілікті бюджетке мүгедектерге арналған әлеуметтік қолдау шараларын қамтитын бағдарламаларды бекітеді (мысалы, «мүгедектерді әлеуметтік қолдау», оңалтуға көмек, әлеуметтік такси, техникалық құралдармен қамтамасыз етужәне т.б.). Тікелей жұмыс жүргізетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы техникалық көмектесетін құралдармен, протез, тифлотехникалық құралдармен, санаторий-курорттық емделумен қамту сияқты қызметтер бюджет арқылы қаржыландырылады және мәслихат осы бағдарламаларды бекітеді. Атап айтқанда, «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешiмiне сәйкес:

— 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне орай мүгедектік алған және тікелей қатысқан 483 адамға – 45 АЕК- тен 85 462,0 мың теңге;

— 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне мүгедектігі бар 7 289 балаларға 5 АЕК-тен 143 302,0 мың теңге; — В-20 ауруы бар 140 адамға ай сайын 24 АЕК-тен 157 877,0 мың теңге;

— Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде диспансерлік есепте тұратын қатерлі ісіктері бар балаларға ай сайын 193 балаға 10 АЕК тен 78 620,0 мың теңге;

— Тірек-қимыл аппараты бұзылған 1-2 топтағы мүгедектігі бар адамдар мен балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға ай сайын 5 АЕК-тен 816 873,0 мың теңге әлеуметтік көмектер қаралған.

 

JQ-Aqparat

 

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті