jasqazaq.kz

Шымкент қалалық ҚХА кеңесінің отырысы өтті

24 мамыр 2023, 21:15

Отырыс барысында ҚХА және Ассамблея Кеңесінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды.

Бүгін «Достық» үйінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Қуаныш Асыловтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы барысында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы IV сессиясының күн тәртібінде қаралатын мәселелермен қатар, ҚХА және Ассамблея Кеңесінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ҚХА төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарына кандидатураларды ілгерлету мәселелері қаралды. Кеңес отырысын ашқан қала әкімінің бірінші орынбасары мемлекеттік саясат аясындағы міндеттерді айтып, Мемлекет басшысының ҚХА ХХХІІ сессиясында берген тапсырмаларына кеңінен тоқталды.

– Ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдар өздеріне жүктелген міндеттер аясында ішкі бірлікті бекемдеуге ат салысуда. Жыл басынан бері қалалық ассамблеяның ұйытқы болуымен жүзге жуық іс-шара өтті. Соның ішінде этнос өкілдері жинақы тұратын аумақтарда 70-тен астам ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұғырлы татулықты ту еткен сан алуан ұлт өкілдері қаламыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өміріне етене араласып, Шымкенттің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүр, – деді Қуаныш Жұмабекұлы.

Жиында қалалық ҚХА төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары болған қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак пен Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хажимжановқа алғыс айтылып, жаңа орынбасар – қалалық армян этномәдени бірлестігінің төрайымы Наира Мовсисян мен ассамблея мүшесі Мадияр Юнусовтың жауапты қызметіне табыстар тіледі. Айта кетейік, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ІV сессиясы «Татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі» тақырыбымен 25 мамыр күні, сағат 15.00-де қала әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі