Шымкент: Қала әкімі тұрғындардың талап-тілектеріне құлақ асуды тапсырды

04 қыркүйек 2024, 15:16

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды кез келген әкім қаперде ұстауы қажет. Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласында бұл міндет бұлжытпай орындалады. Тұрғындармен жүздесіп, талап-тілектерін тыңдау үшін шаһар басшысы аптасына бірнеше рет қаланы аралап шығуды әдеткен айналдырған. Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы әдеттегідей қаланы аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көрді. Бұл жолы ол Абай ауданы, «Ақжайық» шағын ауданында болып, тұрғындармен кездесті. Тұрғындар әкімге балалар алаңын орнату, жарықтандыру және аялдамаға дейін жол салу керектігін айтып, өтініш білдірді. Сонымен қатар, қоғамдық көлік қозғалысы мен қоқыс шығару мәселелерін де көтерді. Әкім тұрғындардың талап-тілектерін тиісті сала мамандарына қарастыруды тапсырды.
Бұдан кейін шаһар басшысы орталық мешітке барып, бас имаммен кездесті. Ол жерде де мешіт аумағын абаттандыру және инженерлік желілерді жаңғырту мәселелері талқыланды. Әкім тарапынан қалалық басқарма басшыларына коммуникацияларды сапалы жаңарту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Ғабит Сыздықбеков «Жұлдыз» индустриялық аймағына да ат басын бұрып, онда өндірістік парктің құрылысы мен «WAN SHENG CERAMIC» ЖШС-нің керамогранит өндіру жобасының бірінші кезеңімен танысты. Қазіргі кезде бұл зауытта іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жоспарға сәйкес, жобаның бірінші кезеңі қыркүйек айында іске қосылады. Ал келесі жылы зауыт толық іске қосылып, жұмыс істей бастайды.
Сондай-ақ әкім Еңбекші ауданы, Бадам өзеніндегі көпірдің жағдайын да тексеріп, жауапты мамандарға көпірдің құрылыс конструкцияларының техникалық жай-күйі туралы қорытынды жасау мақсатында зерттеу жүргізуді тапсырды.


Шаһар басшысы әрмен қарай «Көл», «Qyrgy Bazar» (Жоғарғы базар), «Авто-Нұр» базарларының аумағы, Төле би, Ақпан батыр, Түркістан, Сұлтанбек Қожанов, Бауыржан Момышұлы көшелері мен Абай саябағының санитарлық жағдайын тексерді.
Әкімнің қаланы аралау қорытындысы бойынша аудан әкімдіктері мен жауапты мамандарға барлық қоғамдық нысандардың жағдайын күнделікті бақылау және бей-берекет сауда орындарын анықтау мен жою шараларын күшейту тапсырылды. Бұл талап орындалмаған жағдайда бірінші басшылар мен жауапты қызметкерлер қатаң жазаланатындығы да қатаң ескертілді.
Ғабит Сыздықбеков «Қаланың барлық нысандары, көшелері мен аулалары таза, тәртіпті және тұрғындар үшін қауіпсіз болуы тиіс», — деп ескертті.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң
10 сәуiр, 14:02
"Қазпошта" алаяқтардың асына айналған ба?
07 сәуiр, 14:29
Көктемде психикалық аурулар неге асқынады?
01 сәуiр, 19:13
Саудада достық жоқ
31 наурыз, 16:10
Мақта кластері: Шикізаттан –дайын өнімге
31 наурыз, 15:45
Астана – даму драйвері
30 наурыз, 12:48
Мұхит Тұрысбеков: Ауыз су мәселесін толық шешу – басты міндеттің бірі
28 наурыз, 17:40
“Жұмысшыларды роботтар алмастырып жатыр”. Кентау трансформатор зауыты инновациялық дамуға көшті
28 наурыз, 15:18
Машина жасау: инновациялық серпіліс