jasqazaq.kz

Шымкент: Қала әкімі тұрғындардың өтініші бойынша тиісті тапсырмалар берді

21 қазан 2024, 13:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын» тұжырымдамасы Шымкент қаласында тиісті деңгейде жүзеге асып жатыр. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков айына бірнеше рет тұрғындармен кездесу өткізіп, олардың ұсыныс-өтініштерін тыңдайды. Сол бойынша жауапты мекемелерге тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалайды.

Мәселен, шаһар басшысы осы аптада халықпен есептік кездесулердің нәтижелері бойынша бірнеше нысанды аралап шықты. Бұған дейінгі кездесулерде тұрғындар «Күншығыс» шағынауданында автотұрақ салуды сұраған болатын. Ғабит Сыздықбеков аталған аумақты қарап, аудан әкімдігіне заң аясында автотұрақ салу мүмкіндігін зерттеуді тапсырды.
Содан соң шаһар басшысы Еңбекші ауданындағы «Дария-Медикус» медициналық орталығына барды. Мұнда ол медициналық кабинеттерді қарап, қажетті құрал-жабдықтардың қамтамасыз етілуін тексерді. Сондай-ақ дәрігерлермен қызмет сапасын талқылады.

Ал «Оңтүстік — Жаңақұрылыс» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесуде инфрақұрылым жүргізу және уақытша жол салу мәселелері қаралды. Азаматтардың өтініші бойынша, әкім көлік басқармасына балаларды мектепке тасымалдау үшін қоғамдық көліктің тиімді кестесін әзірлеуді міндеттеді.

Көшпелі кездесулер барысында Безделев көшесінің тұрғындары да өздерін алаңдатып отырған түйткілдер туралы айтты. Олар жауын-шашын мол жауған кезде үйлерінің су астында қалатынын мәлімдеді. Бұған себеп — бұрын арық жүйесі болған жерде жаңа құрылыстардың пайда болуы дренаж жүйесінің жұмысын нашарлатқан. Сондықтан Ғабит Сыздықбеков арықтар мен лотоктардың жағдайын қарап, жауапты тұлғаларға қосымша су ағызатын құбырлар төсеуді, оларды орталық ирригациялық жүйеге қосу тапсырмасын берді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін осы аумақта жарықтандыру орнатылады.

Әл-Фараби ауданында «Ескі қалашық» шағын ауданы, Әйтеке би көшесі, «Қошқар ата» өзенінің жағалауы және Қонаев даңғылының ағымдағы жағдайы да қала әкімінің назарынан тыс қалған жоқ. Мұндағы тұрғындар жарықтандырудың жоқтығына, кәсіпкерлік нысандардың тазалық талаптарын сақтамауына, сондай-ақ қоқыстың уақытында шығарылмайтынын айтып шағымданды. Тексеру барысында ескертулер жасалып, абаттандыру ережелерінің бұзылуымен күресті күшейту, бұзушыларға айыппұл салу, бейнебақылау камераларын орнату және өзен жағалауын тазарту жұмыстарын жандандыру қажеттігі айтылды.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде