jasqazaq.kz

Шымкент: Қала әкімі тапсырмалардың мерзімінде орындалуын тапсырды

22 қазан 2024, 14:11

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Жиында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы М.Мықтыбеков балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыруды дамыту жоспарын баяндады.

Оның айтуынша, өскелең ұрпақтың спорттық әлеуетін арттыру мақсатында спорттың 64 түрі бойынша 5-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер спорт секцияларына қатысады. Бұл бағытта 120 кәсіпкер іріктеуден өтіп, спорттың 18 түрінен 17 280 балаға ваучер берілген. Ғабит Сыздықбеков басқарма басшысына жобаны іске асыруда ашықтықты қамтамасыз етіп, қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалауды тапсырды.

Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау иснпекциясы басшысының міндетін атқарушы Н. Жамашов 9 айда атқарылған жұмыстарды баяндады. Есепті кезеңде инспекцияға 12 768 электрондық өтініш келіп түсті. Олардың 7 640-і мақұлданған, 5 128 орындаудан бас тартылған. Бұл ретте қала басшысы жауаптыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойып, қызметтердің ашық көрсетілуін қадағалауды тапсырды.

Сонымен қатар жиында қала әкімінің жеке қабылдауында берілген тапсырмалардың орындалу сапасы мен қорытындысы талқыланды. Ғ.Әбдімәжитұлы өзекті мәселелерді оңтайлы шешіп, азаматтармен байланысты күшейтуді ескертті.

Шаһар басшысы әр уәденің жүгі бар екенін еске салып: «Сөзге берік болып, азаматтарға берілген уәделерді уақытында орындаңыздар. Халықтың сенімін жоғалтпай қашан да ашық болыңыздар. Тапсырмалардың нақты, мерзімінде орындалуы маңызды», — деп атап көрсетті.
Сонымен қатар, қала әкімі жауаптыларға жылу маусымы қарсаңында жұмыстарды ширатып, өзекті мәселелерді дер кезінде шешуді ескертті.
Жылу маусымы демекші, Шымкентте күннің салқындауына байланысты тұрғындар тарапынан көп өтініш түскен еді. Осыны ескерген қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауапты орынбасарлары мен басқарма басшыларына жылу жүйелерін мерзімінен бұрын іске қосуды тапсырды. Кестеге сәйкес жылу қараша айының 1-іне қосылу керек болатын. Қала басшысының қаулысымен көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға 21 қазаннан бастап жылу беріле бастады.

Бүгінгі күні қаладағы 26 бөлек орналасқан жылу қазандықтары мен орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциясы жылу маусымына дайын.
Аппарат мәжілісінде өзге де қысқа дайындық шаралары мен жол құрылысындағы маңызды мәселелер пысықталды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс