jasqazaq.kz

Шымкент: Қала әкімі көшпелі кездесу өткізді

17 қазан 2024, 11:50

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша Шымкент қаласның әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жаңа форматтағы көшпелі кездесулер Абай ауданындағы Самал-2, Шұғыла, Ынтымақ-2, Қызылжар, Жайлау және Алтынтөбе шағын аудандары мен тұрғын алаптарында ұйымдастырылды. Қала тұрғындары толғандырған сұрақтарын жолдап, қаланы дамытуда ұсыныстарымен бөлісті.

Сонымен қатар елдімекендерде мектеп, шағын футбол алаңын, мешіт, балабақша және мәдениет үйін салу мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар ауданның инфрақұрылымдық дамуы да сөз болды. Азаматтар тарапынан көтерілген кей мәселелер кездесу барысында шешімін тапты. Аудан әкімдігіне және тиісті басқармалардың басшыларына туындаған мәселелерді келесі жылдың жұмыс жоспарына енгізу тапсырылды.

Шығыс, 16, Ескі қалашық, Химфарм шағын аудандарының, Жандосов, Жібек Жолы және Иляев көшелерінің тұрғындарымен кездесу барысында көшелерді, аула аумақтарын абаттандыру мен көгалдандырудың, жасыл желектерді суарудың, балалар және спорт алаңдарын салудың өзекті мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде, Ғабит Сыздықбеков көшелерді, аулаларды жарықтандыру және абаттандыру — қала тұрғындарының өмірі үшін қауіпсіздік пен қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі басым міндет екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың талап- тілектері бойынша жалғасатын болады.

Шымкенттіктер тұрақтарды кеңейту, тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде үйлерді жөндеу, жер учаскелерін заңдастыру, тұрғын үйге кезекке қою, жылу желілерін жөндеу және ирригациялық жүйелерге қатысты мәселелерді көтерді.
Онымен қоса үйлерді күтіп ұстап, жөндеуді, жалпы үй мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мегаполис басшысы басқару органын — мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) немесе жай серіктестікті (ЖК) міндетті түрде құру қажеттігін еске салды.

Қала әкімі сындарлы диалогқа уақыт бөлген тұрғындарға алғысын білдірді. Азаматтар өтініштерінің назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс