jasqazaq.kz

Шымкент: Қайырымдылық шараға қарттар дән риза

16 наурыз 2024, 10:38

Наурызнама онкүндігінің Қайырымдылық күні Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында да атап өтілді. Орталық мамандары қарияларға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырып, №65 мектеп гимназиясының оқушылары мен М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттері өнер көрсетті. Кәсіпкерлер үлкен кісілерді сый-сияпаттарымен қуантты.

Қазіргі таңда 50 орынды стационардан отбасы күтім жасаудан бас тартқан 47 қария қызмет алады. Орталықтың қызметін I, II топтағы мүгедектер, жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттар пайдаланады.

Салтанатты іс-шарада ән мен күй ойнап, қариялар би билеп, көңілдері сергіп қалды. Тағдырдың тәлкегіне түссе де, көздерінен мейірім кетпеген әжелер өнерлі жастарға алғысын білдіріп, аталар ақ батасын жаудырды.

Мерекелік іс-шара соңында «Каусар» шайханасы қарияларға арнап қайырымдылық дастарханын жайды.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі