jasqazaq.kz

Шымкент: Қайтарымсыз гранттың сұрауы бар

24 тамыз 2024, 11:01


Елімізде әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамтуға бағытталған қайтарымсыз грант беру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Биыл екінші лекте Шымкент қаласының 217 тұрғыны қайтарымсыз грант иегері атанды. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева екінші лек бойынша қайтарымсыз грант иегерлерімен кездесті, деп мәлімдеді аталған басқарманың баспасөз қызметі.
Жиынға қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқармасы мен “Атамекен” ҰКП Шымкент қалалық филиалының өкілдері арнайы шақырылды.
Басқарма басшысы 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз грант иегерлеріне өздері қорғаған бизнес-жобаларды жүзеге асыруы, әр тоқсан сайын Еңбек мобильділігіне есеп ұсынуы жайында түсіндірді.
«Қала халқының экономикалық жағдайын жақсартуға, әлеуметтік әлсіз топтардың бизнес-жобаларын жүзеге асыруға, сол арқылы өз-өзін жұмыспен қамтып, жұмыс орындарын құру үшін қайтарымсыз грант жақсы мүмкіндік. Десе де, берілген қаржы мақсатты жұмсалмаса — мемлекетке қайтарылатынын да ұмытпаған жөн. Енді сіздер әлеуметтік жағынан әлсіз топтар қатарындағы азаматтар емес, шағын кәсіпкерсіздер. Кәсіптеріңізді дөңгелетіп, әр тоқсан сайын Еңбек мобильділігі орталығына есептеріңізді тапсырып, салық төлемдерін төлеп отырсаңыздар бір жылдан кейін мемлекет тарапынан берілетін өзге де игіліктерге қол жеткізе аласыздар. Мәселен, 5 млн теңге көлеміндегі грант, ауыл шаруашылығы бағытын таңдағандарға сол саладағы субсидияны алуға болады. Ол үшін сіздер ұсынған жобаларыңызды мақсат жолында іске асыруларыңыз қажет», — деді Жанат Өмірсейітқызы.


Грант иегерлеріне әр тоқсан сайын есеп ұсынудың жолын Еңбек мобильділігі орталығы директордың орынбасары Бекболат Алиханов көрсетіп берді. Оның айтуынша, азаматтар қайтарымсыз грантқа өтінім берген кезде ұсынған бизнес-жобадағы көрсетілген заттарды ғана сатып алуы тиіс. Әр үміткер өздері көрсеткен бизнес жоспарына сай жұмыс істеуі керек. Грант қаржысына сатып алынған әр зат фискальді түбіртектегі QR коды арқылы тексеріледі. Сонда түбіртектің шынайы немесе жалғандығы бірден анықталады екен.
Биылғы 2-лекте 217 үміткердің жобасына комиссия грант мақұлдады. Қазір грант иегерлеріне бекітілгер төлемдердерді жүргізу үстінде. Қайтарымсыз грант кредит төлемдерін төлеуге, жылжымайтын мүлік сатып алуға және акцизделетін өнімдерді өндіруге қаралмаған.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі