jasqazaq.kz

Шымкент: Қайтарымсыз грант алған кәсіпкер тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр

20 сәуiр 2023, 15:09

Қайтарымсыз қаражат мамыр айынан беріле бастайды.

Шымкент қаласында қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау жалғасуда. Елімізде «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында мемлекеттен берілетін қайтарымсыз 5 миллионға дейінгі грант талай кәсіпкердің кәсібін дөңгелетуге себеп болып отыр.

Ұлттық жоба шеңберінде жаңа инновациялық жобаларды іске асыруға арналған грантты ұтып алған шымкенттік кәсіпкерлер көп. Мемлекеттік грант алып, кәсібін бастаған азаматтың бірі – Әлібай Жұмабаев.

Ол басшылық жасайтын «Business Plas» ЖШС пенопласт шығарады. Былтыр грант аясында ұтып алған 5 миллион теңгеге цех басшысы полестерол түйіршігін қайнататын қазандық алған. Бұл күнде серіктестік қала тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.

– Мемлекеттен алған қаржы ісімізді алға жылжытты. Осы кәсіптің арқасында 5 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Жұмыстың бәрі автоматтандырылған. Жұмысшыларды арнайы оқытып, дайындадық. Қазір қалада 4-5 пенопласт шығаратын осындай кішігірім цех бар. Ол қаланың сұранысын толық қамти алмайды. Болашақта цехты кеңейтіп, өнімнің саны мен сапасын арттырсақ деген жоспарымыз бар, – дейді Әлібай Жұмабаев.

Қазіргі таңда Шымкентте қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау жүріп жатыр.

– Қайтарымсыз қаражат мамыр айынан беріле бастайды. Грантқа құжаттар қабылдау әлі де жүріп жатыр. Қаржылай қолдау алған соң жоспарға сай пайдалану қажет. Басты талап – осы. Мемлекет тарапынан қайтарымсыз көмек алғандар қатарында заң бұзушылықтар да анықталып жатыр. Мемлекеттік қолдауды мақсатсыз пайдаланғандардың қаржысын сот арқылы қайтарамыз, – дейді Шымкент қаласының кәсіпкерік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы Үсен Исаев.

Айта кетейік, мегаполисте 2019 жылдан бері жаңа бизнес-идеясын қорғаған 170 адам қайтарымсыз қаржыға ие болған. Бұл мақсатқа 700 млн теңге қаржы қарастырылған.

Мерей Әлімбек

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура