jasqazaq.kz

Шымкент: Қайнарбұлақ елдімекені 100 пайыз оптикалық интернетпен қамтылады

31 наурыз 2023, 14:17

Биылғы жылдың соңына дейін Шымкент қаласындағы Қайнарбұлақ елдімекені жеке инвесторлардың есебінен 100 пайыз талшықты оптикалық интернет желісімен қамтылады.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі цифрландыру басқармасының жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына арнап ұйымдастырған баспасөз турында белгілі болды.

–Біз бұған дейін Самал 3, Асар 2, Солтүстік-батыс секілді бірқатар шағын аудандарды кабельді интернет желісімен қамтамасыз еттік. Биыл Қайнарбұлақ елдімекенінде жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазір елді мекеннің 30 пайызы талшықты оптикалық интернет желісімен қамтылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді, –дейді iLinkNet компаниясының құрылтайшысы Марат Боқаев.

Шымкент қалалық цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Туғанбайдың айтуынша, биыл Шымкент қаласында инвесторлардың есебінен 20 елдімекенге талшықты оптикалық интернет және 15 елді мекенге сапалы мобильді интернет жеткізу жоспарланып отыр.

Қойылған құрылғылар арқылы 71 мыңға жуық қала тұрғынға сапалы интернет желісі қолжетімді болды. Олар: Асар, Ақниет, Тұран, Азат, Ынтымақ-2, Игілік, Шапағат, Достық (автоцон), Ақжар, Ақтас және Ақжайық шағын аудандары.

Ал, биылғы жылы мобильді операторларымен бірлесе интернет сапасы төмен 29 нүктеге базалық станция орнату көзделіп, қазір олардың координатасы жөнінде келісім жүргізіліп жатыр.

Шымкент қаласында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында шалғай орналасқан елді мекендерді сапалы интернетпен қамту жұмыстары қарқынды жүзеге асуда.Қалалық цифрландыру басқармасының мәліметінше, жуырда шаһар орталығына 5G технологиясымен 10 базалық станция орнатылмақ. Қазіргі сәтте станция қойылатын нүктелер анықталып, құрылғылар орнатылуда. Алдағы екі айда монтаж жұмысы аяқталып, жоғары жылдамдықтағы интернет іске қосылады.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде