jasqazaq.kz

Шымкент: Қайнарбұлақ елді мекенін инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды

20 сәуiр 2023, 11:07

Тұрғындар биыл электр желісімен қамтылып, сапалы ауыз суға қол жеткізеді.

Шымкент қаласы Қайнарбұлақ елдімекенінде су, жарық, газ құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгінде 60 мыңнан астам халқы бар Қайнарбұлақ елдімекеніне бір мезетте бірнеше инфрақұрылым жүйесі тартылуда. Тұрғындар биыл электр желісімен қамтылып, сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Жыл соңына дейін елдімекенге ауыз су құбырлары тартылып, жергілікті тұрғындар сапалы тіршілік нәрімен қамтылады. Елді мекенге табиғи газ құбырларын жүргізу құраласы да қарқын алған. Нысан келесі жылға өтпелі.

Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 6,7 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде өткен жылы 2,9 миллиард теңге игерілген болса, биылғы жылға 3,8 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізіледі. Қазіргі таңда мердігер мекеме – «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысты қарқынды түрде жүргізіп жатыр.

Бүгінге дейін 155 шақырым құбыр тартылып үлгерген. Сондай-ақ, аусым айынан бастап 70 шақырымдық электр жүйесінен 3 мыңға жуық абонент сапалы электр қуатына қосыла бастайды. Қазірдің өзінде жарықтандыру жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме «А.МЕРЕЙ И К» ЖШС-і осы уақытқа дейін ұзындығы 68,6 шақырымдық электр жүйелерін жүргізген.

Айта кетейік, биыл қала аумағындағы барлық елдімекенге сапалы электр энергиясы жеткізіледі. Атап айтатын болсақ, жыл соңына дейін 8 шағынауданда құрылыс жұмыстары аяқталып, қаланы үздіксіз электр жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Нәтижесінде абоненттер жарыққа екі есе арзан төлем жасайды. Тұрғын үйлерді электр желісіне қосу жұмыстары тегін жүргізіледі. Мемлекеттен тартылған электр энергиясының тариф бағасы жеке тұлғаларға әр Кв үшін – 17 теңге, заңды тұлғаларға — 35 теңге, бюджеттік ұйымдарға — 39 теңге болып белгіленген.

Мерей Әлімбек

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура