jasqazaq.kz

Шымкент: Кез келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік»

21 мамыр 2024, 20:37

Шымкенттің бас полицейі Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесті.

Жиында аудандық полиция басқармасының №34 учаскелік полиция пунктінің әкімшілік аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Полиция департаментінің бастығы Думан Таев төрағалық еткен кездесуге қалалық маслихат депутаты Муратали Калмуратов, аудан әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев, аудан прокуроры Серік Абдиев, арадагерлер кеңесінің төрағасы Сержан Тұрсынбеков қатысты.

Тұрғындарға учаскелік инспектордың ағымдағы жылдың төрт айында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар мен іс-шаралар туралы есеп берілді.

Инспектордың айтуынша, 19 мыңға жуық адам тұратын аумақта тіркелген қылмыстардың саны былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға төмендеген. Құқық бұзушылықтардың арасында ұрлық пен интернет-алаяқтықтың саны басым. Аталған бөтеннің мүлкіне қол сұғу қылмыстарының алдын алу және оларды болдырмау бойынша жергілікті тұрғындармен ұдайы түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, жыл басынан бері профилактикалық шаралардың нәтижесінде аумақта жасөспірімдердің қатысуымен құқық бұзушылықтар орын алмаған.

Сонымен қатар, әкімшілік аумақта ардагерлер, депутат, әкімшілік қызметкерлер, белсенді азаматтар, мектеп директорлары және үй төрайымдарымен қоғамдық кеңес құрылған. Кеңеске аудан әкімінің орынбасары жетекшілік жасауда.

Жиын барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Кездесу соңында полиция қызметкерлері азаматтарды қандай да бір орын алған қылмыстың куәсі болған жағдайда тез арада учаскелік полиция инспекторларына немесе «102» нөміріне хабарлап, кез келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділікпен» қарауға шақырды.

Сондай-ақ бүгін Шымкент қаласы ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі И.Құралбаевтың төрағалығымен Абай ауданы полиция басқармасының тергеушілер, анықтаушылар мен жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жедел кеңес өтті.

Жиында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының мазмұны мен тармақтары түсіндірілді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

 

03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін