jasqazaq.kz

Шымкент: Кәсіподақ – азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі

14 қазан 2024, 12:43

Еңбек адамының құқығын қорғауда, оның лайықты тұрмыс сапасы мен жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жолында мәртебелі миссия атқаратын аса маңызды заманауи қоғамдық институттың бірі саналатын кәсіподақтар – азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі. Еске түсірсек, 2011 жылғы 10 қазанда кәсіподақ ұйымының кәсіби мерекесі – «Қазақстан кәсіподақтары күні» деп белгіленді. Ал 2019 жылы атаулы күн Үкіметтің арнайы қаулысымен бекітілді.

Шымкент қаласында осы атаулы күн жыл сайын тиісті деңгейде атап өтіледі. Биыл да «Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай, Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен мерекелік жиын өтті.

Жиынды «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов ашты. Олар «Лайықты еңбек» жылында жеткен жетістіктерге ерекше тоқталып, қатысушыларды «10 қазан — Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекесімен құттықтады.
Сондай-ақ кәсіподақ қозғалысының дамуына елеулі үлес қосқан әлеуметтік әріптестер мен белсенді кәсіподақ мүшелерін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының, «Қызмет» салалық кәсіподағының, Шымкент қаласы әкімінің және Шымкент қалалық маслихатының наградаларымен марапаттады.

Атап айтқанда, олардың арасында «Үздік әлеуметтік әріптес» медалімен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Әбдібақыт Мақұлбаев, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Құрмет грамотасымен» және «Қызмет» салалық кәсіподағының «Елеулі еңбек үшін» медалімен Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Камиля Байтулешова, «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Сейтжапбаров пен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бас маманы Ақнұр Балғаевалар бар. Сондай-ақ кәсіподақ саласында белсенді еңбек еткен бір топ азаматтар «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатпен» марапатталды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі