jasqazaq.kz

Шымкент: Кәсіпкерлер ашық жұмыс істеуге ұмтылады

27 қыркүйек 2024, 19:01

Шымкент қаласында жылда Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі. Бұл шара заңды бұзуға жол бермеу және кәсіпкерлердің құқықтық сауатын арттыру мақсатын көздейді.

Биылғы жиын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтың төрағалығымен өтті. Оған облыстық прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және басқа да бақылау-қадағалау органдарының, Кәсіпкерлер палатасының, салалық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты.

Шаһар басшысының орынбасары жыл сайын өткізілетін ауқымды жиынның мақсаты – еліміздің заң талаптары бұзылуының алдын алу, кәсіпкерлердің құқықтық сауатын арттыру екеніне тоқталды.

«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, жылына бір рет Бірыңғай есеп күні өткізіледі. Былтырғы кездесуде айтылған ұсыныстар жүзеге асырылуда. Мұндағы мақсатымыз – Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұзудың алдын алу, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Бұл мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық арасындағы байланысты нығайтады», – деді Айдын Мейрамбекұлы.

Жиын барысында мемлекеттік органдардың басшылары 8 айда атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасап, кәсіпкерлер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.

Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов тиісті жұмыстар нәтижесінде ашықтыққа ұмтылған кәсіпкерлер саны артқанын айтып, нәтижесінде бюджетке түсімдер көбейгеніне тоқталды. «Өздеріңізге белгілі, жыл басынан бері жан-жақты жұмыс жүргізу нәтижесінде Шымкент қаласының бөлшек салық мөлшерлемесі 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілді. Оған қоса, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолдану жеңілдетілді. Сонымен қоса салық берешегін мәжбүрлеп өндіру барысына өзгеріс енгізілді», – деді Сапарбек Ешанқұлов.

Қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов бөлшек салық мөлшермесінің екі есеге төмендегені бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсынды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде