jasqazaq.kz

Шымкент: « Ізетті зейнеткер» орталығы – еңбек ардагерлеріне қамқорлық

15 қараша 2024, 15:21


Шымкент қаласында зейнеткерлікке шыққан әрбір еңбек ардагеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулығын нығайтып, салауатты өмір сүруіне жағдай жасайтын ерекше бір мекеме бар. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ізетті Зейнеткер» сауықтыру орталығы зейнеткерлердің уақыт өткізетін басты ордасына айналған. Орталық зейнеткерлерге санаторлық қызметтерді ұсынатын демалу орны емес, олардың қоғаммен байланысын үзбей, өздерін бағалы сезінуге, жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін ерекше әлеуметтік мекеме.
«Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінде санаторлық қызметін алу үшін ең алдымен шипажай жолдамасына кезекке тіркелуі тиіс. Кезекке үйден шықпай-ақ Geo-shym.kz порталы арқылы тіркеліп, сондай-ақ реттілігін бақылай алады.
Бір мезетте 10 күн бойы 70 зейнеткерге санаторлық қызметін ұсынатын мекемеде жылына 2000 мыңнан астам еңбек ардагерін қабылдай алады. 2024 жылдың басынан бері 25 келім ұйымдастырылып, 1750 зейнеткер сауықтыру емін қабылдады.
Демалушылардың қысқа мерзімде емделу мақсатында мекемеде толық жағдайлар жасалған. Зейнеткерлер келген кезде ем алу кітапшалары толтырылып, жастары мен денсаулығы ескеріліп, бөлмелерге жайғастырылады. Төрт мезгіл ыстық тағамдар ұсынылады, сапалы тамақтануы қадағаланады.
«Ізетті Зейнеткер» сауықтыру кешенінде зейнеткерлер үшін денсаулықты қолдау және оңалту бағдарламалары ұсынылады. Физиотерапия, массаж, дене шынықтыру жаттығулары және тыныс алу гимнастикасы, электромагнитті терапия орталығы, сумен емдеу орталығы, ЕДШ, дәрілік шөптер тұнбалары демалушыларға ұсынылады. Ал, ЕДШ кабинетінде инверсиялық орындық, жаттығу велосипеді, жүгіру жолы, массаж роликтері, пресске арналған роликтер қарастырылған.
Физиотерапия бөлмесінде — электрофорез, вибромассаж, миостимулятор, ингалятор, массаждық орындық, массаждық керует, аяқ массажеры және қолмен жасаж түрлері бар. Сонымен қатар, емделушілерге дәрігердің ем парағы бойынша парафин де тағайындалады. Әр келушіге жеке қызмет түрі көрсетіледі, сондай-ақ олардың сапалы қызмет алуына барлық жағдай жасалады.
Мұндай қызметтер арқылы зейнеткерлер денсаулығын нығайтып, белсенді өмір салтын ұстанып, көңіл-күйін бір қалыпта сақтай алады. Қартаю процесін жеңілдетуге бағытталған бұл шаралар әрбір адамға жеке тұрғыда қарауды және оларға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде