jasqazaq.kz

Шымкент: « Ізетті зейнеткер» мекемесі құрылды

02 қазан 2024, 14:30

Қазақтың әр мақалы – рух қазынасы, ұлт құндылығы. «Есік алдында төбе болса, ерттеп қойған атпен тең. Ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең» деген тәмсілдің мағынасы терең, жөні ерек. Еліміздің өркендеу жолында алдынғы толқын аға буын өзінің ақылмандығымен жастарға үлгі болып отыр. Шымкент қаласында қазір 93 761 зейнеткер бар. Оның ішінде 2-і ҰОС ардагері, 2 096 ардагер оған теңестірілген. Сонымен бірге, 1 729 тыл еңбеккері тұрады. Қаламызда 90 жастан асқан 508 және 100 жастан астан 12 қария бар, деп мәлімдеді Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі.

«Ардақты ардагерлер мен қарттарымызды, зейнеткерлерімізді санаторлық-курорттық емделуге жылына 7000 жолдама беріледі. Биыл Айшабибі, Күлпаршын, Денсаулық және Ақсу демі санаторияларымен мемлекеттік сатып алу негізінде келісім-шарт түзіліп, сауықтыру емі үшін жолдамалар үлестірілуде»,- делінген басқарма хабарламасында.

Зейнет жасындағы зейнеткерлердің денсаулық жағдайын жақсартуы үшін 2023 жылдың қарашасынан бастап Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Ізетті зейнеткер» мекемесі құрылды. Мекеме сыйымдылығы бір онкүндікте 70 зейнеткерге санаторлық-курорттық қызметтерді көрсетеді.

Зейнеткерлер мен ардагерлердің өмір белсенділігін арттыру жолында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының қалада 3 бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Орталық күніне екі ауысыммен 560 ардагерге қызмет көрсетеді. Санаулы күннен кейін тағы бір бөлімшесінің лентасы қиылып, қызмет көрсетуін бастайды.

Басқарманың №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында I,II топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсету мүмкіндігі жоқ адамдарға стационарлық жағдайда қызметтер көрсетеді. Орталықтың сыйымдылығы – 70 төсек орын. Қазір онда 61 қарт қызмет алып жатыр. Қарттарымызға әлеуметтік көмектің барлық түрі ұсынылады.

Ал, «№7 үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы тарапынан 560-і жалғызілікті егде жастағы қартқа аптасына екі рет 73 күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер барып қызмет көрсетеді.
Одан бөлек, 130 жалғызілікті қартқа ай сайын 7 384 теңгеден (2 АЕК)-зейнетақысына қосымша әлеуметтік көмек қаржысы төленуде.

Қала мәслихатының шешімімен 1 935 ардагер басылымдарға тегін жазылуы ұйымдастырылып, бүгінде газет пен журналдар өз уақытында жеткізіліп отыр.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі