jasqazaq.kz

Шымкент – іскер қала

31 тамыз 2023, 11:25

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет. Жұрт бос сөзден, жарқын болашақ туралы жалынды ұрандардан жалықты. Халық мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс жүзінде орындағанын қалайды» деп нақтылап айтты.

Бұл орайда Шымкент қаласында тың серпін әкелген нәтижелі жобалар аз емес. Мысалы, «Іскер қала» бағдарламасы негізінде жыл басынан бері шаһарда 153 жобаға 412 млн теңгенің қолдауы көрстеліп отыр. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерлікті қолдау ғана емес, экономиканы дамытуға, сол арқылы елдің әлеуметтік әлеуетінің дамуына тың серпін берері анық. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бағдарламада жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында 1 пайыздық мөлшермен 10 млн. теңгеге дейін несиелендіру, өндіріске бағытталған 2 пайыздық мөлшермен 50 млн. теңгеге дейін несие беру қарастырылған.

Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен шағын кәсіпорындардың өнеркәсіптік парктердегі үш жылдық жалдау ақысының шығындарын 25-75 пайызға дейін өтеу тетігі де қамтылған.

«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығында 33 мыңға жуық кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға қолдау көрсетілуде екен. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде Шымкентте белсенді кәсіпкерлік нысандар саны 124 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 52 пайызға артқан.

Тұрғындары еңбекқор – іскер қала Шымкентте соңғы 5 жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі екі есеге артқан. Шымшаһар республикалық қала мәртебесіне ие болған 5 жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд. теңгеден 937 млрд. теңгеге жеткен. Бұл орайда шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өсіп отыр. Қалаға бес жылда 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 млрд. теңгеден 613 млрд. теңгеге ұлғайғанын да айта кеткен орынды.

Мегаполистің макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика биыл да байқалады. Мамандар жыл басынан бері инвестиция көлемі 22, құрылыс жұмыстары 29, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73 және бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артқанын айтады.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры