jasqazaq.kz

Шымкент – инвесторларға қолайлы қала

20 маусым 2023, 21:27

Шымкент пен Генуя қалалары арасындағы екі жақты келісім орнату мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінде қос тарапты өкілдердің қатысумен ресми кездесу өтті. Бұл жөнінде қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Кездесудің мақсаты екі мегаполис арасындағы мемлекеттік, сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, туризм, мәдени және әлеуметтік салалары арасында өзара ықпалдастық және ынтымақтастық орнату.

Жиында екі елге ортақ келісім орнатылды. Өңірдің бірқатар сала жетекшілерімен ынтымақтастықты нығайту бойынша перспективалық мәселелер талқыланды. Іс-шара барысында Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов пен Генуя қаласы мэрінің жаңа кәсіпорындар құру бойынша кеңесшісі Давид Фалтери мырза екі жақсы меморандумға қол қойылып, бауырлас қалалар болып бекіді.

– Республикалық қала мәртебесіне ие болған Шымкент қаласы мен Италия Республикасының жетекші қалаларының арасындағы жан-жақты қарым-қатынастың дамуы екі ел арасындағы ынтымақтастығына зор үлес қосады деп үміттенемін. Сонымен қатар, алдағы уақытта Генуя қаласымен стратегиялық жоспарларымыз, сауда-экономикалық қарым-қатынас пен бірлескен жобаларымыз жаңа белеске көтерілетініне сенімдімін, — деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Генуя – Италиядағы өнеркәсібі дамыған ірі портты қаланың бірі. Сондай-ақ, ғылыми орталықтар мен университеттердің ордасы. Ал, Шымкент қаласының биыл республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылғанына 5 жыл толды. Осыдан бес-алты жыл бұрын қала аумағына инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі төмен 40-тан аса елді мекен қосылған. Қаланың қажеттілігіне жетіспейтін инфрақұрылым, қоғамдық көлік мәселелері өзекті еді. Қазір бұл сұрақтар біршама шешімін тапты.

Соңғы бес жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд теңге­ден 937 млрд теңгеге жетіп, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өсті. Қалаға 2 трлн теңгеден аса инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 млрд теңгеден 613 млрд теңгеге жеткен.

Макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім динамикасы бар. Биылғы 5 айда инвестиция көлемі – 22 пайызға, құрылыс жұмыстары – 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы – 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі – 25 пайызға артқан.

Шымкент қаласында ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндіріс алаңдарын дамыту мақсатында, аумағы 132 гектарды құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агроиндустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Нәтижесінде, 21 жобаға 23 млрд теңге инвестиция тартылып, 1 800-ден аса жұмыс орны ашылатын болыпты.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее