jasqazaq.kz

Шымкент: Инвесторлар есебінен 20 шағынаудан сапалы интернетпен қамтылады

18 шiлде 2023, 15:19

Цифрландыру саласы елімізде жүзеге асырылып жатқан басты стратегиялық жоспар саналады. Сондықтан да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында цифрландыру ісі елде тұрған басты мақсат екенін қадап айтқан еді. Осы орайда Үкімет те Мемлекет басшысының бұл тапсырмасын орындауға білек сыбана кірісіп жатыр.

Шымкент таласы әкімдігінің хабарлауынша, шаһардағы шалғай елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Мәселен, биыл сәуір айында қалалық цифрландыру басқармасы 4 инвестормен меморандум жасасып, жыл соңына дейін 20 шағынауданды сапалы интернетпен қамтуға келісім жүргізіліпті. Заманауи талшықты-оптика желісінің басты ерекшелігі – интернеттің жылдамдығы. Былтыр қалада 14 елді мекен талшықты-оптика желісімен қамтылған екен.

«Қазіргі таңда Қайнарбұлақ, Нұршуақ, Ынтымақ -1, Ынтымақ-2 ,Самал 1, Самал-2, 112, кіші Самал, Тассай тұрғын алаптарында талшықты желі тарту мақсатындағы тиісті жұмыстар басталып кетті. Сонымен қатар, Еңбекші ауданындағы «Оңтүстік» тұрғын алабы талшықты-оптикалық интернет желісімен қамтылды. Елді мекенде 38 000-ға жуық тұрғын бар», делінген әкімдік хабарламасында.

Атап өтсек, қалада мобильді байланысты жақсарту бағытында 29 тұрғын алап анықталып, қазір осы бағытта тиісті шаралар атқарылып жатыр. Базалық станция орнату үшін қала аумағында бос жер телімдері белгіленген. Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптыларға елдімекендердегі байланыс пен интернет жылдамдығынына жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескерткен болатын. Талдау қорытындысына сәйкес қаланың ерекшелігін ескере отырып, кешенді жоспарды бекітуді де тапсырған.

Еске сала кетсек, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен сәуір айындағы Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Қолжетімді интернет» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру және инфляцияны төмендету жөніндегі кешенді шаралар қаралған болатын. Отырыста халықты 100 Мбит/с деңгейіндегі интернет желісімен қамтуды көздейтін ұлттық жобаны іске асыру тетіктері пысықталған. Үкімет басшысы байланыс операторларының жауапкершілігін арттыра отырып, ел аумағында байланыс сапасы мен интернет жылдамдығының мониторингін күшейтуді тапсырған еді.

Мерей Әләмбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі