jasqazaq.kz

Шымкент: Инвестициялық жобаларға арналған фронт-офис ашылды

30 мамыр 2024, 14:22

Еліміздің үшінші мегаполисі – инвестиция үшін тартымды қала. Мұнда жергілікті және шетелдік инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған. Шаһарда бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Жуырда «Shymkent Invest» фронт-офисінің ашылуы өтті. Мұнда инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын жергілікті және шетелдік инвесторларға жоба идеясы басталғаннан пайдалануға берілгенге дейін қолдау шараларымен қатар экспорттау, дамуды қаржыландыру бойынша қызметтер көрсетеді.

Фронт-офистің ашылу салтанатына мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбеков және қала прокуроры Ғабит Мұқанов қатысты.
Енді инвесторлар тарту және оларды қолдауға қатысты мемлекеттік қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылатын болады.

Фронт-офиспен танысқан шаһар басшысы бүгінде елімізде инвесторлар үшін барлық жағдай жасалғанын, Мемлекет басшысының жарлығымен инвестициялық штаб құрылғанын атап өтті.

Өз сөзінде Ғабит Сыздықбеков: «Инвесторлармен тиімді жұмыс жүргізу, сондай-ақ сала бойынша нақты бағдарлама әзірлеу қажет, ең бастысы енгізіліп жатқан жобалардың саны емес, сапасы маңызды», — деп атап көрсетті.

Айта кеткен жөн, «Shymkent Invest» ЖШС қала әкімінің бастамасымен құрылған. Мұнда ұйым қызметкерлері инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетумен қатар, құжаттарды дайындауға, жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беруге көмектеседі.

Сонымен бірге, «Shymkent Invest» ЖШС мен Шымкент қаласының прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық аясында инвесторлардың проблемалық мәселелерін шешу мақсатында кеңсеге тұрақты түрде инвесторларға тікелей қолдау көрсететін прокуратура қызметкері бекітілді.

Қала тұрғындары үшін тағы бір жақсы жаңалық – Абай ауданында спорт және балалар алаңы пайдалануға берілді.
Жоспар бойынша, биыл аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар ойын алаңшасы мен 2 заманауи спорт алаңшасын салу жоспарланған. Қазіргі таңда Самал-3 шағын ауданындағы Абдраманов көшесінде спорт алаңы тұрғындарға пайдалануға берілді. Мердігер мекеме – «BAK Construction Group» ЖШС.

Сондай-ақ Асар-2 шағынауданы Нұржол көшесінде ойын және спорт алаңдарының құрылысы аяқталып, ел игілігіне тапсырылды. Нысандардың құрылысын «Бадам-Кум LTD» компаниясы жүргізді. Шілде айында тағы да 20 балалар алаңшасы пайдалануға беріледі.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі