jasqazaq.kz

Шымкент: Инвестициялық жобалар жүзеге асады

06 қараша 2024, 14:31

Шымкент қаласы инвестиция тарту бойынша кешенді жоспар бекітіп, жүйелі жұмыстарды қолға алды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың көктемінде Шымкент қаласы әкімдігі мен түрік «Aksa Energy» компаниясының өкілдері арасында маңызды меморандумға қол қойылған болатын. Құжатқа сәйкес, қалада қуаттылығы 500 МВт болатын заманауи бу-газ қондырғысын (БГҚ) салу жоспарлануда. Жобаны сәтті жүзеге асыруға қажетті жұмыстар жүйелі түрде басталып кетті.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков осы жобаның акционері, «Aksa Energy» компаниясының өкілі Джемиль Казанджимен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Әкімнің айтуынша, жобаны іске асыру қаланы дамытудағы негізгі басымдықтардың бірі болып отыр, және қала әкімдігі тарапынан жобаға жан-жақты қолдау көрсетілуде.

Жалпы құны 700 миллион АҚШ долларын құрайтын бұл ауқымды инвестициялық жоба Шымкент тұрғындарын сапалы электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету өзекті. Сонымен қатар, бу-газ қондырғысы іске қосылғаннан кейін қаланың экологиялық жағдайына оң әсер етіп, жергілікті бюджетке тұрақты табыс түсіреді деп күтілуде.

Қала әкімі түрік компаниясының Шымкентке қызығушылық танытып, энергия саласын дамытуға атсалысқаны үшін алғыс білдірді. Қала басшысы атап өткендей, бұл жоба алдағы уақытта қала инфрақұрылымын жақсартуға, тұрақты даму жолында жаңа мүмкіндіктер ашуға септігін тигізеді.
Сонымен қатар Шымкент қаласының әкімі инвестициялық бағңытты дамыту мақсатында Ғабит Сыздықбеков Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэтрин Личпен кездесті.

Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, дуальды білім беруді ұйымдастыру және Шымкентте британдық университеттердің бір филиалын ашу мүмкіндігі қарастырылды.

Бұдан бөлек, қала әкімі Шымкенттің экономикалық дамуы, инвестициялық және туристік әлеуеті туралы айтты. Британдық компаниялардың қатысуымен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және қалада мәдени іс-шаралар өткізуге қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде