jasqazaq.kz

Шымкент: Халықтың әлеуметтік қорғалуы маңызды

25 шiлде 2024, 10:18


Шымкент қаласы бойынша зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 205 000 астам азаматты құрайды. Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің 16 түрі бойынша қызметтер көрсетілуде. Бұл туралы Шымкент Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Руслан Тұңғышбаев баяндады.
Департамент басшысының айтуынша, 2024 жылдың I жарты жылында жаңадан тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылардың және қайта қаралған төлемдердің саны – 74191 құрайды. Жаңадан тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылар саны – 43643. Қайта қаралған зейнетақы мен жәрдемақылар саны –30548.
Есеп беру кезеңінде 59 өтініш бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден және 668 мемлекеттік кепілдік төлеуден бас тартылған.
«Жыл басынан бері азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша – 34 772 мемлекеттік қызметтер көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге сәйкес 948 іс қалпына келтіру үшін кері қайтарылған, бұл өтініштердің жалпы санының 2,7% құрады. 26 іс-құжат бойынша зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш берушілер тарапынан ұсынған құжаттардың дұрыстығын растау үшін уәкілетті ұйымдарға сұраныс хаттар жолданды»,-деді Руслан Тұңғышбаев.
Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында қолға алынған кешенді шаралардың тиімділігінің басты өлшемі – тұрғындар табысының артуы мен өмір сүру сапасының жақсаруы. Бұл ретте Мемлекет басшысы экономиканың өсімін халықтың өмір сапасына тікелей әсер ету қажеттігін жеткізіп, нақты міндеттер жүктеген болатын.
Осы орайда Шымкент қаласының экономикалық көрсеткіштерімен қатар жергілікті бюджеттің көлемі де жылдан жылға артып келеді. Бүгінгі таңда бюджет көлемі 764 млрд теңгені құрап, соңғы 6 жылда 5,2 есеге өсті. Осыған орай, өткен жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердегі 15 мыңға жуық қызметшінің жалақысына қосымша 22 000 теңге ынталандыру үстемеақысы тағайындалған болатын. Биыл 1 сәуірден бастап қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы аясында үстемақы 50 мың теңгеге дейін көтерілді. Нәтижесінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердегі ең төменгі жалақы көлемі 140 000 теңгеден асты.

Халықтың тұрмысын жақсарту бағытындағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде мұндай игілікті бастамалар қала кәсіпкерлері тарапынан да қолдау тауып, бірқатар жеке сектордағы жалақы көрсеткіші де артып келеді.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі