jasqazaq.kz

Шымкент: Халықаралық шахмат фестивалі өтті

28 қазан 2024, 12:38


Шымкент қаласында шахматтан халықаралық фестиваль өтеді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, халықаралық фестиваль аясында 29 қазанда ашылатын 2024-2025 жылғы ФИДЕ әйелдер Гран-приінің 2-ші кезеңі, 2024 жылғы Қазақстан Балалар Кубогының 6-шы кезеңі – В.В. Печерский Мемориалы және Шымкенттің 1-ші Ашық Кубогы қатар өткелі тұр.

Қос кубоктың ашылу салтанаты Көрме орталығында өтті. Мерекелік жиынға KazChess федерациясының басшылығы, шахмат сүйер қауым қатысты. Әр жарыстың 9 туры осы орталықта 1 қарашаға дейін күн сайын өтеді. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілер арасында блиц-турнир де ұйымдастырылмақшы.
«Федерация еліміздің барлық өңірінде шахмат спортын кеңінен таратуға ұмтылады. Шымкентте әлемнің үздік шахматшыларының қатысуымен халықаралық әйелдер турнирін өткізу арқылы Қазақстанның дүниежүзілік шахмат аренасындағы орнын нығайтпақпыз. Сондай-ақ Балалар Кубогының финалы алдындағы кезеңді және маңызды айналма турнирді ұйымдастыру – осы зияткерлік ойынға қызығушылық танытатын жастардың қатарын арттыруға жол ашады. Қазақстан шахматтан әлемдік додаларға қатысып жүрген елдің бірі. Біздің шахматшылар әлемдік аренадан әлі де жарқырайды деген сенімдемін. », — дейді өз сөзінде KazChess вице-президенті Марат Есенов.

Шымкенттің 1-ші Ашық Кубогы – KazChess өткізетін 2024 жылғы гроссмейстер (GM) және халықаралық шебер (IM) нормалары бойынша айналма жүйемен өтетін 10 турнирдің бірі. Мұнда 10–12 ойыншы, соның ішінде ұлттық құраманың мүшелері мен шетелдік шахматшылар бақ сынауда. Шымкент Кубогына 4 шетелдік гроссмейстер: Израильден Евгений Алексеев, Грузиядан Леван Панцулая, Өзбекстаннан Саидали Юлдашев және Беларусьтен Алексей Фёдоров қатысуда. Жас және өршіл үміткерлердің арасында Шымкенттің халықаралық шебері Әбілмансұр Әбділқайыр, ФИДЕ шеберлері Бексұлтан Молдағали мен Лия Құманғалиева, сондай-ақ Қырғызстанның мықты шахматшылары бар. Турнирдің жүлде қоры – 3 млн теңге.

Қазақстан Балалар Кубогының соңғы кезеңі саналатын бұл 6-шы турнирге 10 жасқа дейінгі және 14 жасқа дейінгі санаттар бойынша 291 жас шахматшы қатысуда. Ал, финалдық ойындар 19-26 желтоқсанда Алматыда өтеді.

Жас шахматшылар сайысы талантты тәлімгер Вячеслав Владимирович Печерскийдің құрметіне арналды. Оның шәкірттері қатарында 2016 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы Жұбан Биғабылов пен Қазақстанның рейтинг көшбасшысы, гроссмейстер Ринат Жұмабаев бар.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде