jasqazaq.kz

Шымкент: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қалай жүзеге асып жатыр?

13 қыркүйек 2024, 14:58

Бүгінде еліміздің үшінші мегаполисі — Шымкент қаласы экономикалық және әлеуметтік жағынан қарқынды дамып жатыр. Қала басшылығының халыққа берген уәделері де жоспарлы түрде орындалуда. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай, шаһар басшысы қала тұрғындарымен тұрақты түрде кездесу өткізеді. Қала әкімінің қала тұрғындарын қабылдау кезінде, көшпелі кездесулерде айтылатын түйткілді мәселелер шешімін тауып келеді.

Сонымен қатар қала басшысына әлеуметтік желіден әкімдіктің немесе оның жеке парақшасына күнделікті жүздеген сұрақ түседі. Жалпы әкімдік халықпен кері байланыс орнатуда маңызды қадамдар жасауда. Осы орайда тұрғындар да көкейдегі ойды ашық айтып, ұсыныстарын жеткізіп, талаптарын да қойып жүр. Соның арқасында бүгінгі таңда тұрғындармен кері байланыс артып отыр. Өз кезегінде барлық өтініштерге жауап жазылып, тиісті органдарға тапсырма беріліп жатыр.
Мәселен, тұрғындар тарапынан көтерілген көптеген өзекті мәселелердің бірі көшелерді жарықтандыру. Әкім Ғабит Сыздықбековтың тапсырмасы бойынша, бүгінгі күні 1048 көшені жарықтандыру жұмысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта 823 көшеде жарық шамдары орнатылған. Биылғы жылдың соңына дейін тағы 300 көше демеушілер есебінен жарықтандырылады. Бұл қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қажет.
Көп күттірмейтін мәселенің бірі – жол сапасы. Қазіргі жолдардың жайы өте өзекті екені жасырын емес. Түйткілді мәселені шешу бағытында Шымкент қаласында 25 шақырымға жуық жаңа жол салып, 345 көшені жөндеу жоспарланып отыр.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, атқарылып жатқан ауқымды жұмыс өте көп. Қала басшысының негізгі ұстанымы — кез-келген жұмыста сапаға мән беру керек. Қазір қаланың дамуына демеушілер де қомақты үлес қосып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Ғабит Сыздықбековтың мегаполиске басшы болып келгеніне бір жыл болды.
Әкім өзінің алдында тұрған басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру деп санайды. Сондықтан тұрғындар үшін жасалып жатқан барлық бастамалар шаһар басшысының жеке бақылауында.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде