jasqazaq.kz

Шымкент – гүлге көмкерген шаһар

23 маусым 2023, 12:25

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 5 жылда ормандарда – 2 млрд, ал елді мекендерде 15 млн көшет егуді тапсырған болатын. Осыған орай Шымкентте тал егу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының берген мәліметі бойынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанында мегаполисте жалпы саны 20 мыңнан астам тал көшеттері егілген. Соның ішінде 4 аудан мен дендросаябақ және қала маңындағы жасыл белдеуге де тал-дарақтар отырғызылды.

Тал егумен қоса демалыс орындарын да көбейту жергілікті әкімдіктің күн тәртібінде тұрған мәселе. Жалпы, қазіргі таңда Шымкентте саябақтар саны 9, бұдан бөлек 39 гүлзар бар. Жоспарға сай алдағы уақытта мегаполистің көгалды аймағы мен демалыс орындарын көбейту мақсатында тың жобалар қолға алынады. Жаңа гүлзарлар да соның есебінен салынып жатыр.

Жоғарыда аталған басқармаға 9 саябақ және 39 гүлзардан бөлек, 50 ескерткіш, 44 ұңғыма мен 37 субұрқақ қарайды.

Өз кезегінде саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу үшін конкурс жеңімпазы «Жасыл жер» ЖШС болып танылды. Ал ескерткіштердің тазалығы мен бүтіндігін қамтамасыз етуші мердігер мекеме конкурс қорытындысымен «AICOM» ЖШС анықталды. Сондай-ақ Шымқаладағы субұрқақтар мен ұңғымаларға «Dim Nur company» ЖШС жауапты.

Басқарма таратқан өзге де мәліметтерге сәйкес қала аумағындағы саябақтар мен гүлзарларды көріктендіру мақсатында 1 млн дана көпжылдық және бір жылдық гүл егілген. 8 саябақ, 27 гүлзар, 33 субұрқақ, 33 ескерткіштің мемлекеттік тіркеу актілері қайта тіркеліп құжаттандырылды. 12 гүлзар, 17 ескерткіш пен 5 субұрқақтың жерге орналастыру құжаттары дайындалып, мемлекеттік актісі рәсімделуде. Басқармаға қарасты 37 субұрқаққа қысқы консервация жұмыстары жасалынды. Қаладағы саябақтар мен гүлзарларға 4000 дана ағаш көшетін отырғызу биылғы жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында жүзеге асырылады. Қазіргі таңда көшеттердің 500 данасы егіліп қойды. Сонымен бірге 6 гүлзарға далалық зерттеу актілері жасалынып, құрылыс жұмыстарына сметалық құжаттамалары әзірлену үстінде.

Жалпы, шаһар басшысының қала аумағындағы жасыл желек көлемін ұлғайту тапсырмасына орай, көшелерге, аулалар мен саябақтарға ағаш көшеттерін егу жұмыстары бүгінде қарқынды жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі